Жаңарған жүйе HD

14.01.2017
2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кәсіптік-техникалық білім 100 пайыз тегін беріледі. Жалпы саны 21 мың маман дайындау көзделіп отыр. Игі шараға қазынадан 5 миллиард теңге бөлінді. Биыл білім саласында жаңалық көп. Оқушыға да, оқытушыға да, ата-ана үшін де ең маңызды ҰБТ жаңарды. «Он үш жылдан бері ұйқыны бұзған жүйе жеңілдетілді», – деп сендіреді мамандар. Осы жылғы түлектерге министрлік қандай «сый» дайындап отыр? Сәкен Сейітханұлы сабақтайды. Биылғы тест былтырғыдан өзгерек. Жаңа ереже бойынша мектеп түлектері енді екі рет бағын сынайды. Жіліктеп айтсам, әуелі барша 11-сынып оқушылары мемлекеттік емтихан тапсырады. 5 пәннен. Қазақ тілінен эссе жазады. Қазақстан тарихынан билет алу арқылы сынақтан өтеді. Одан кейін мұғалімдер алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан қабылдайды. Содан кейін қазақ мектептерінде оқушылар орыс тілінен, қалған өзге тілді мектеп жастары қазақ тілінде тестке кіреді. Соңғысы түлектерден өзі таңдаған пәннен тест алынады.

Похожие видео

Показать еще