Тұрғындар дәл іргеде тұрған жүк көліктерінің техникалық базасын көшіруді талап етуде HD
Маңғыстау облысындағы Шетпе ауылының тұрғындары жүк көліктерін жөндейтін техникалық базаны көшіруді талап етеді. Айтуларынша, тұрғын үйлерден небәрі 20 метр жерде орналасқан базада цистерналарда жанар-жағармай сақталады. Егер ол жарылса халыққа кесірін тигізуі мүмкін. Оның үстіне тұрғындар күндіз-түні жүретін камаздардың шуынан, жанар-жағармай мен шаңның исінен әбден мезі болған. Ал ауыл әкімдігі техникалық базаны қашан көшіретіндерін нақты айта алмай отыр. Тұрғындар үйлерінің тура іргесінде орналасқан мына техникалық базадан әбден мезі болған. Жүк көліктерін жөндейтін орын мен тұрғын үйдің арасы бар-жоғы жиырма метр. Осы екі ортадан өтетін ауыр техника жолдардың тоз-тозын шығарған. Соның салдарынан ел үш жылдан бері шаңнан көз ашпай, қысы-жазы тіпті терезені аша алмай қалған. Тіпті, бұл ауылдың үлкені мен кішісі де аллергияға шалдыққандарын айтады. ГҮЛЖАН ТҮРКМЕНБАЕВА, Шетпе ауылының тұрғыны: – Солярка бар ма бұның ішінде. Енді барлық денсаулығымызға, бала-шағамызға бәріне зиян. Жаз бойы форточкамызды аша алмаймыз мынау дәл түбінде тұрғанда. ГҮЛБАНУ ЖАҢБЫРБАЕВА, Шетпе ауылының тұрғыны: – Июль айында алаңға барған кезде бір айдың жобасында көшіріледі. Мына цемент завод жақтан жер беріледі деген. Одан бері міне сентябрь айы болды. Халық базада жанар-жағармай да сақталады деп ашулы. Оның қалдығы көшеге төгіліп, техникалық қауіпсіздік сақталмайды дейді олар. Ал экология департаменті техникалық база ауылдан қашыққа көшірілуі тиіс дейді. Десе де база өкілі, бүкіл құжаты дұрыс әрі заңға сай жұмыс істеп жатырмыз дейді. БЕРІК, «Евразия» базасының өкілі: – Акимат бізге сұрадық заводқа жақын жерден бізге жер беріңіз деп. Мәселесін жақында шешеміз деді алдында барғанда. Шешіліп те қалған шығар. Қазір мен сіздерге жауап бере алмаймын, мен күнде акиматта жүрген жоқпын. Ал әкімдік халықтың ашуын туғызған базаны көшіру үшін жұмыс істеп жатқандарын айтып отыр. Алайда, тұрғындар биліктің тым сылбыр қимылына наразы. АМАН ОРДАБАЕВ, Шетпе ауылы әкімінің орынбасары: – Ауылдың шетінен жер белгіленді. Қазір көшіру жұмыстарын дайындап жатыр. Себебі құр жерге көшуге мүмкіндігі болмайды. Коммуникациясын тарту керек, газ, тоғын тарту керек. Аман Ордабаевтың айтуынша, алғашында әкімдік ұсынған жер кәсіпкерге ұнамаған. Сондықтан, басқа жер қарастырып, көшіру жұмысы тұралап қалған. Ал ашынған халық бұл мәселе шұғыл түрде шешілмесе, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа жеткіземіз деп отыр. Махаббат Нұржанқызы, Мұхаммед Шадкам Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #тұрғындар_қаупі #жанармай #жарылыс #база #наразылық
Похожие видео
Показать еще