ГРУЗИЯ МЕН ӘЗЕРБАЙЖАННАН КӨЛІК АЛАТЫНДАР КӨБЕЙДІ HD

24.08.2021
Армения мен Қырғызстанды қойып, енді Грузия мен Әзербайжаннан көлік алатындар көбейді. Айта кетейін, бұл екі ел Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейді, сондықтан олардың темір тұлпарлары бізде шетелдік саналып, кеден бақылауына алынады. Алайда, азаматтар қымбат утилизациялық алымдар мен баж салығынан жалтарудың әдісін тапқан. Автокөліктің иесі, шетелдік азамат, оны Қазақстанда сатып, белгілі бір уақыттан кейін өз еліне қайта оралады екен. Яғни, бұл автокөліктер кедендік одақ аумағына рәсімдеуден өтпей, Қазақстанда тіркеу мақсатында әкелінген деп болжауға негіз бар. Әзірге құзырлы органдар осындай әдіспен елде тіркелген 156 автокөлікті анықтаған. ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕР ҚАЗАҚСТАНҒА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ АРҚЫЛЫ КІРЕДІ Шетелдік көліктердің Қазақстанға қалай әкелінетіні де белгілі болды. Мемлекеттік кірістер комитенінің мәліметіне сенсек, грузиялық және әзіербайжандық темір тұлпарлар көбіне Маңғыстау облысы арқылы кіреді екен. Мұнда Еуразиялық экономикалық одақтың бірнеше кедендік бақылау-өткізу бекеті орналасқан. Айтпақшы, одақтың Кедендік кодексіне сәйкес, уақытша елге кіргізілген көлік құралдары декларанттың, яғни тасымалдаған тұлғаның нақты иелігінде болуы тиіс. Осы орайда, құзырлы органдар Қазақстан азаматтарына мынаны ескертеді: уақытша әкелінген автокөліктерді тек кедендік рәсімдеуден өткізгеннен кейін ғана ел аумағында сатып алуға және пайдалануға болады. Telegram Qaz - https://t.me/atamekenbusiness_qaz Telegram Rus - https://t.me/atamekenbusiness Facebook - https://www.facebook.com/atamekentv.kz Instagram - https://instagram.com/atameken.business/ ВКонтакте - https://vk.com/atamekenbusiness «Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv Cайт - https://inbusiness.kz Atameken Business Programs - https://www.youtube.com/channel/UCQpzmeBWqEYS8O2XaUzRytA #AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана

Похожие видео

Показать еще