Мені тастап кеткені үшін кегімді алдым / Махаббат туралы анимациялық оқиға HD
Сәлем, менің атым Джек. Сендерге кезінде қабылдаған бір шешімім талай адамның тағдырын өзгерткені жайлы айтып бергім келеді. Жоқ бұл президенттің немесе танымал жұлдыздың шешімі емес, кәдімгі қарапайым адамның қабылдаған шешімі. Оны мектеп кезінен жақсы көремін. Ол сүйкімді, өте әдемі десем де болады. Оның шашы өөте қысқа болатын, өйткені ол жаман кеселмен ауыратын. Балаларға көмек беру ұйымында жұмыс істеді және сондағы балалармен жақсы қарым-қатынас жасады. Ол аптасына бір-екі рет ауруханаға барып, балалармен ойнап, оларға гитара тартып беретін. Кейде гитара сабақтарына қатысады. Балалармен уақытын қызықты өткізу үшін әртүрлі ойындар ойлап табатын. Мен оны мақтан тұтатынмын, бірақ оның маған ылғи уақыты болмай қалады. Оның қолы әрдайым бос емес. Бұл мені ызаландыратын, ол маған пайдалы, өзіме ұнайтын бір хобби табуға кеңес беретін. Гитарада ойнау қолымнан келмейтін, ал апта сайын ауруханаға бару маған қызық емес. Бұл қарапайым күндердің бірі еді, мен оны үйіне шығарып салу үшін аурухананың сыртында күтіп тұрдым. Ол шықпай қойды, күте-күте жаурап кеттім. Оған хабарлассам, «бір бала жалғыз қалғысы келмейді сондықтан шыға аламаймын» деді. -Нее?? Мен де бұл кеште жалғыз болғым келмейді! Мен сені тым көп күттім!- деп айғайладым. Бірақ ол маған пайдалы іспен айналыс деді. Ашуым келгені сонша жарылып кете жаздадым, сондықтан «Сен маған қарағанда анау балаларыңды көбірек жақсы көресің, мен мұндаыға төзбеймін!» дедім. Сонда ол бір минут үндеместен тұрды да сосын «ақыры мені түсіне алмайды екенсің, олай болса айырылысқанымыз жөн»- деп тұтқаны қоя салды. Менің ауызым ашылып қалды. Күнде, жылдың соңына дейін онымен сөйлесіп, тілін табуға тырыстым, бірақ ол менен көңілі өалса керек, мені қаламады. Оның ойынша мен мейірімсіз адаммын. Өзі сияқты қайырымдылық жасай алмайтыныма мен кінәлімін бе? Мені тастап кеткені қатты ызаландыратын!!! Мен өте сымбатты жігітпін, және артымнан талай қыз жүгіреді, ал ол МЕНІ менсібей лақтырып кетті. Осындай ойлар келгенде кек алғым келетін еді. Жазғы демалыс уақыты келді. бұл жолы ата-анам мені демалысқа бірге алып кетпеді , демек алда қызықсыз күндер күтіп тұрды. Ал мен тым болмаса өз елімдегі қалаларды көргім келіп еді. Дәл сол кезде мен мінсіз кек алу жоспарын ойлап таптым. Мен бар жинаған ақшамды банктен шешіп алдым. Ата-анам бұл жайлы білмейтін еді. Екеуіміз түскен суреттің артына «ол болмаса өмір жоқ» деп жазып, төсегімнің үстінде қалдырдым да, үйден кетіп қалдым. Мен әдейі банктің карточкасын және заттарымды алмай кеттім. Бәрі мені енді бұл өмірде жоқ деп ойласын, ал менің әкем өте ықпалды адам, ол ана қыздың өмірін талқанын шығарады деген нық сенім болды менде. Сөйттім де жаңа сөмке, жаңа заттар сатып алып, автостоппен жолға шықтым. Лайк басыңыз! Хабарландыруды қосуды ұмытпаңыз! Сендер де оқиғаларыңды біздің поштаға takbyvaetvjizni@gmail.com жазып жіберіңдер. Авторлық құқықтар қорғалған. Барлық авторлық құқықтар Ligths Creative Group студиясына тиесілі #мениңқүпиям #aнимация #менің әңгімем
Похожие видео
Показать еще