《АҚСҰҢҚАР》 Əні мен Сөзі : Роза ƏЛҚОЖА #ALKHOJA #OramalCLUB #ƏрКүнімізБірТарих

28.02.2017
"МЕН СЫЙҒА ТАРТҚАН ОРАМАЛ " клубымыздың ең алғашқы ресми отырысы болатын... Роза əпке: "Жаңа əн жаздым, концертте орындаймын. Қазір ең алғаш сіздерге орындап берейін " деп домбырасын қолына алды. Біз осынау тарихи сəтке қуанып ооо тұсаукесер дестік. Əн басталды... АҚСҰҢҚАР.... жүрек шым шым ете қалды... Құдай ау... менің тағдырымды өлеңмен суреттеп, əн ғып айтып отыр... Тағдыр ақымақ емес адамдарды бекер жолықтырмайды деген осы болды ғой... Жүректі жылатып, жұбатқан əн болды бұл əн... тағы тыңдасам екен деп аңсарым ауып жүргенде концерті де жетті... сонда тағы орындады... тағыда жүрегім беймəлім бір күйге енді... концерт аяқталды... телефоныма аудио нұсқасын жазып ап жүрсем де тұрсам да тыңдауды шығардым... бұл əннің неліктен жүрегіме соншалықты əсер еткенін, əнді қанша тыңдасам да түсіне алмадым... Мөлдір,(Молдир Тынысбекова) Роза əпке үшеуіміз бірде бас қосып шəй іштік... Көлікте үшеуіміз ғана келе жатырмыз... "Ақсұңқарды қосыңызшы əпке" дедім... Əпкем қосты... Мөлдір əпкені үйіне жеткізіп тастап, көлікте Роза əпке екеуіміз ғана келеміз... Кенеттен Роза əпке -Ақсұңқар мен Қайран Өмірімді неліктен сонша сүйіп тыңдайсың деді -Тағдырым ғой дедім мен де тосылмай -Ол менің тағдырым деді сөзімді аузымнан жұлып алғандай... -Тағдырымыз ұқсас болған ғой ендеше дедім... .......Роза əпкемнің сол көзқарасы əлі көз алдымда... "Тағдырымыз ұқсас болғаны ғой ендеше " дегеніме шығар.... Көкірегімді күйдірген өксігіме бұл жолы тұсау сала алмадым... Əпке менің тағдырым деп жылап жібердім... Таңға дейін сырластық... Бəрін жайып салдым... жасырмадым... Жүрегімнің тұңғиығына тығып ұстаған жан сырымды да жайып салдым... ...Жыладым... мүсіркеп аяп, жұбатқан жоқ... жігерлендерді... əр сөзіне сендірді... Жүрегіме қорқыныш пен күмəн, күдік ұялатқан, санамды жаулап алған сан сұрақтың жауабын бір ақ ауыз сөзбен жеткізді. Бірақ... Əр күн сайын берекетімді алған сол бірақ пен үтірдің нүктесін қойды. Тағдырым тартып алған өз өзіме деген махаббат пен мейірімді , өз өзіме деген сенімді, өз өзіме деген құрметті қайтарып алып берді... Сол күннен кейін жүректеріміз бір біріне тым жақын болып кетті.... Бір адамның том том тағдырын төрт шумақ өлең ғып жазып, бір əнге сыйдыру ақылға сыймайтын дүние ғой былай қарап отырсаңыз. Елден дара Ақсұңқарым Алла разы болсын сізден. 《АҚСҰҢҚАР》 Əні мен Сөзі : Роза ƏЛҚОЖА #ALKHOJA #OramalCLUB #ƏрКүнімізБірТарих

Похожие видео

Показать еще