Алладан дұға сұраған, мен үшін күліп жылаған… HD
Алладан дұға сұраған, Мен үшін күліп жылаған, Жанымды үнсіз ұғатын, Жетпей жүр маған бір адам. Бұл тағдыр сынға салғанда, Дұшпандар аяқ шалғанда, Бір адам тағы жетпейді, Бір өзім жалғыз қалғанда. Сырымды бүкпей ашатын, Жолымнан күтіп тосатын, Бір адам тағы жетпейді, Құшақтап мауқым басатын. Еркелеп бірге жүретін, Көзімнен бәрін білетін, Бір адам болса осындай, Бақытты өмір сүретін. Осылай өлең құрағам, Алладан мен де сұрағам! Жүр екен қазір қай жерде, Мен іздеп жүрген бір адам? Видео можете скачать в телеграм канале. Телеграм канал:Symbattan https://t.me/asenovva Вк страничка:https://vk.com/id303280422 Инста-контент:https://instagram.com/as1senova?igshid=1btu6k87rijmu Инста-страничка:https://instagram.com/symbatasenova?igshid=15wt48zu0ozdp
Похожие видео
Показать еще