ЕЛДІК РУХЫ. (Қазақ Хандығының 550 жылдығына тарту ән)
Қазақстанның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев - 2015 жылы «Қазақ Хандығының 550 жылдығын» салтанатты түрде атап өтуді ұсынды. Моңғолия қазақтарының «Қазақ Хандығының 550 жылдығына тарту жасау» жобасын, дүниежүзіндегі барлық қандастар қолдап, бір жыл бойы 600 тауға шығып жобаны сәтті аяқтады. Хандық 550 жыл 550 Тау https://www.facebook.com/groups/1563322620621946/ "ЕЛДІК РУХЫ" СӨЗІ: Айсулу Қасымбек ӘНІ : Жанарбек Ақыби Кең далам – сан ұрпақты тербеген бесік, Күн күліп, еркелеткен самалы есіп. Халықты хан басқарған елмен кеңесіп, Тағдырдың сан түйінін бірлікпен шешіп. Жәнібек, Керей құрған іргелі ордам, Есім мен Қасым ханнан тағылым, жол бар. Әз Тәуке, Абылай хан – заңғар тау тұлға, Ұранды ұрпақ – қыран қанатын қомдар. Қайырмасы: Елдіктің туын тіккен қазақ хандығы, Бес жүз елу жыл өткен, азат таң бүгін. Биік асқар таулардан әнін шырқаған Тыңда, әлем, қайсар ел – қазақтар үнін! Байлығым – дархан далам, тұрғанда тауым. Қыранмын, зеңгір көктен өр үн қатамын. Асқар тау – тарих куә, қатпар шежіре, Шыңынан шаттанып жыр шырқатамын! Қайырмасы: Елдіктің туын тіккен қазақ хандығы, Бес жүз елу жыл өткен, азат таң бүгін. Биік асқар таулардан әнін шырқаған Тыңда, әлем, қайсар ел – қазақтар үнін! Хандық 550жыл 550 Тау https://www.facebook.com/groups/1563322620621946/ 12.01.2015
Похожие видео
Показать еще