Басталды! Тұрғындар аудан басшысы тағайындамақ болған ауыл әкіміне қарсы шықты HD

04.06.2021
Ауыл әкімдерін халық сайлайды деп отырғанда, Ақмола облысы, Целиноград ауданындағы Оразақ ауылына әкімді аудан басшысы тағайындамақ. Тіпті, халыққа өз кандидаттарын таныстырып та қойыпты. Бірақ, оразақтықтар әкімнің адамын басшы қылып қоймаймыз, өз арамызда да әкім болуға лайық азаматтар бар деп, қарсы болып отыр. Ал, ауданның шенеуніктері сайлау туралы заң әлі күшіне енбеді, сондықтан біздің әрекетіміз заңды дейді. Целиноград ауданының әкімі өз аумағына әмірін жүргізуге әбден үйреніп алған секілді. Оразақтықтардың айтуынша,1 ай бұрын ауылдың әкімін жұмыстан кетіріп, енді 9 маусымда өздері басқа әкімді тағайындамақ екен. Бірақ жиналғандар, "олардың адамына сенбейміз, әкімді халық ішінен сайлайміз" деп отыр. СЕРІКБАЙ ЖАНАЛИНОВ, Оразақ ауылының тұрғыны: – Біз өзіміздің елдің, осы елде туып-өскен адамды сайлағымыз келеді. Ауылдың азаматын. Ауылда бар азаматтар! Әкім болатын .Бізге халықтың, елдің қамын ойлайтын адам керек. Бізге анау мысалы аудандық әкімдіктің қолшоқпары болған әкім бізге бес тиынға да керегі жоқ. Халық қазіргі әкімдері Нұрлан Қасымбековтің де өз еркімен кеткеніне сенбейді. Сайлау туралы заң күшіне енбей тұрып, әкім-қаралар өз адамдарын қойып үлгеруі үшін әдейі істеп отыр дейді. Ал,ауысып келе беретін әкімдердің жұмысты жарытып жасап жатқандары жоқ дейді халық. Мәселен, қайта іске қосамыз деген 28 нысан 30 жылдан бері қаңырап бос тұр, көшелері ойдым-ойдым, мал жаятын жерлер жеке шаруаларға өтіп кеткен. Тұрақты жұмыс та жоқ. АСЫЛБЕК РАМАЗАНҰЛЫ, Ақсақалдар алқасының төрағасы: – Елдің жері ғой бұл. Оразақ округінің. Сондай келеңсіз жағдайларға жаның ашиды енді. Не істейсің? Ызаң келеді шынын айтқанда. Халықпен ақылдаспай беріп жіберген, аудан айтты, бітті деп. Өкілеттілігі аяқталуға жақын қалғанда Оразақ әкімі Нұрлан Қасымбековтың жұмыстан кетуін жергілікті шенеуніктер әдейі жасалған әрекет деп санамайды. Әкім өзі кетті, енді 1 ай ішінде ол орынға жаңа әкімді тағайындауымыз керек деп түсіндірген жауаптылар дәл сұқбат жазарда күні кеше сайлауға түсейін деп отырған үш кандидат та өз еріктерімен бас тартқанын айтты. Енді амал жоқ, жаңа заң бойынша тамыздан кейін Оразақта сайлау өткізбек. РАХЫМ ТҮЛКІБАЕВ, Целиноград аудандық сайлау комиссиясының төрағасы: – Вчера где-то 7 или 8 вечера. Написали заявления о снятие своих кандидатуры. Сегодня будем провоидить заседание комиссий о рассмотрении данного вопроса. Екі сөздің басын әрең құраған төраға, сайлау туралы заңның ертеңнен бастап күшіне енетінін де айта алмады. Түлкібаевтың төбесінен жай түскендей шошып жүрсе, аудан әкімі Бахыдбек Оспанбековке бәрібір секілді. Өз қарамағындағы ауылдың мәселесін түсіндірмек түгілі, жайлы кабинетінен аттап шықпады. Айбар Төлжанұлы, Дидар Елеуов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31

Похожие видео

Показать еще