Мұнайлы ауданның тұрғындары суықта бүрсеңдеп жылусыз отыр

08.12.2020
Мұнайлы ауданының тұрғындары Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтан табиғи газ тартып беруін сұрап келді. Жиналған топ қақаған қыста жылу жоқ үйде әбден тоңғандарын айтады. Аудан әкімімен кездесудің өзі қиын деп ашынған олар өңір басшысынан қол ұшын созуды сұрап отыр. Ал аудан әкімдігі екі апта ішінде барлық тұрғындарға газ тартып береміз деп уәде берді. Ақтаудың іргесіндегі Маңғыстау ауылының Бесшоқы, Шерқала, Айрақты тұрғын массивтеріндегі барлығы 200-ге тарта үй тұрғындары табиғи газ тарта алмай жүр. Үш жылдан бері ауыл әкімі құрғақ уәде беріп келе жатыр деген азаматтар бүгін бірден облыс әкімдігіне барды. Тұрғындар газ болмағандықтан тоқ пеш қосуға мәжбүр екендерін айтады. Ал электр қуаты үшін айына 100 мың теңге төлеу де тым қымбат дейді олар. МАРАЛ ЖАҚСЫЛЫҚОВА, Мұнайлы ауданының тұрғыны: – Үйімізге газ керек , газды талап етіп әкімге келіп отырмыз. Бізге анда бітеді, мында бітеді дейді, нақты датасын айтпайды. АҚМАРАЛ КАРШИГИНА, Мұнайлы ауданының тұрғыны: – Ауыл әкіміне барсақ телевидение шақырсаңдар да ештеңе бітпейді бара беріңдер дейді. Үйде кішкентай баламыз бар газ баллон жағамыз. Қорқамыз атылып кете ме деп. Бір бөлмеде обогревательмен отырмыз, ол да сымы көрініп тұратын обогреватель. Балалар барып қағаз салып жіберсе өртенеді де кетеді. Ал облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов жиналған топқа бұл мәселе жөнінде хабардармын, бұдан әрі жағдайды қадағалаймын деді. Ал тұрғындар ауылдан таба алмай жүрген аудан әкімдігінің өкілдері осы жерге жедел жетіп, халықтың базынасын тыңдап, екі апта ішінде бүкіл тұрғын үйге газ жүргізіп береміз деп уәде берді. НҰРЛЫБЕК ЖОЛБАЕВ, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары: – Қосалқы шаруашылық үшін берілген жерлер ғой. Қазір тұрғындар оған үлкен қылып үй салып алды. Үй салып алғаннна кейін үйін бұзбайсың ғой енді. Біз газын, тоғын тартып беруге жобалық-сметалық құжаттарын жасақтап, жобаны аяқтап жатырмыз. Мердігер мекеменің айтуы бойынша 2 аптаның ішінде газды береміз. Әкімдердің уәдесінен шаршағандар уәделескен уақыт ішінде үйіміз жылынбаса облыстық әкімдікке келіп түнейміз деп отыр. Ал былтыр осы ауылдың әкімі заңсыз жер телімін сатқаны үшін үш жарым жылға сотталған еді. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

Похожие видео

Показать еще