Алматыда «Мәдениет» ауданының тұрғындары тас жолды жауып тастады

24.11.2020
Жарықтың жоқтығынан әбден шаршадық деген Алматыдағы Мәдениет ықшам ауданының тұрғындары кеше түнде тас жолды бірақ жауып тастады. Алатау ауданына он жыл бұрын отауымызды тіксек те жылдар бойы жарыққа жарымай, жөнделмеген жол, салынбаған мектепті армандап келеміз дейді. Жергілікті әкімдіктен жағдай сұрайтын адам болмаған соң, Алматыға тиіп тұрсақ та артта қалған аудан болдық дейді тұрғындар Басшылық базынамызды тыңдамағасын, жолды жаптық деген жұртшылық жарықсыз жүріп, жабайы болдық деп отыр. Электрсіз екі аттап баса алмайтын заманда тұрмыстық техникамыздың бәрі күйіп кетеді дейді. Айтуларынша аз халыққа арналған трансформатор қазіргі тұрғындардың қолданысына жарамайды. ЕРНАТ ӨМІРСЕРІКҰЛЫ, аудан тұрғыны: – Күші жоқ бізде стиральный машина тартпайды. Үйде көбі газ қосып, қазір газға қосылады, ол газ істемей жатыр. Үй суық. Тұрғындар трансформаторға жауапты Аюп Машанло есімді азамат дейді. Сөздерінше ол бас көтеріп, телеарна шақырсаңдар барлық электр сымын қиып тастаймын деп қорқытады екен. Бейбіт күнде балағат сөзін тастамай, талабымызға түкірген азаматқа билік басындағылар шара қолданса деп өтінеді халық. Ал Алатау ауданы әкімдігі жарықтандыру қызметімен бірге қажетті электр сымдарының есебін шығарып, жуық арада мәселені реттейміз деп отыр. ЕРТІС САЙЛАУХАНҰЛЫ, Алатау ауданы коммуналдық шарушалық бөлімінің басшысы: – Трансформаторлық құрылғыны осы аптада сатып алатын болсақ, келесі аптады орнатып, ары қарай өзінің сөзіне қарағанда алдымыздағы декабрь айының 5-10 осы мәселе шешіледі деген ұсыныс бар. ӘЛІБЕК ШЫНТЕМІР, тілші: – Жылдар бойы жарыққа зар болып,тұрмыстық техникамыздың тамтығы қалмады деген тұрғындар, жолы жасалмай көшесі берілмеген Мәдениет мөлтек ауданымызға жедел жәрдем тауып келуі үшін мынандай белгілер сызып қоямыз дейді. Ал тоқ бергіш станцияны күшейтіп,алдағы он күнде мәселені шешеміз деген әкімдік бүгін осы орайда арнайы жиналыс өткіземіз деп отыр. Әлібек Шынтемір Генадий Лукин Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

Похожие видео

Показать еще