Бүгін Алматыдағы Алатау ауданына 8 жыл толды HD

06.07.2016
Алматының Алатау ауданының тұрғындары қос мерекені атап өтуде. Ауданның құрылғанына 8 жыл толды. Астана күнімен тұспа-тұс келген мерекеге орай онда бірнеше мәдени-спорттық кешен пайдалануға берілді. Алматыға7-ші аудан болып қосылған 2008 жылы мұнда тек жеке үйлер болатын. Қазір қаланың батыс беткейі мәдени-спорттық орталыққа айналған. Ауданның 8 жылда жеткен жетістіктері көңіл қуантады. Бағдат Мәнізоров, Алатау ауданының әкімі -Бүгінгі күні ауданда 100 пайыз газ тартылды. Барлық ықшам аудандарға. Электр жүйелері тартылды. Жолдар, 600 көшенің 450-ге жуығы түгелімен асфальтталды. Ауызсу. Міне осындай үлкен істер жасалып жатыр. Астанамен қоса бүкіл аудандар, қалаларымыз да дамып жатыр. Осы мерекемен құттықтап, барлық азаматтарға денсаулық, көпұлтты халқымызға ауызбіршілік, береке тілеймін. Астана күні мерекесі аудандағы халық стадионында өтуде. Бүгінде аудандағы тұрғындар саны 220 мыңға жетті. Қазығы қағылған сәттен бері ауданда 9 мектеп, 4 емхана, 16 балабақша бой көтерген. Төккен тер де нәтижесіз емес. Қыздар арасында бокстан әлемнің 2 дүркін чемпионы Назым Қызайбай осы аудандағы спорт мектебінің түлегі. Назым Қызайбай, бокстан әлем чемпионы, Алатау ауданының тұрғыны -Алатау ауданына үлкен рахмет. Жастардың осындай спортпен айналысуына, жаттығуына жағдай жасап жатқанына үлкен алғыс. Барша қазақстандықтарды бүгінгі мейрамымен құттықтаймын. Қазақстанымыз өсіп, өркендей берсін. Жандарбек Садырбаев, актер, Алатау ауданының тұрғыны -Егемендігімізге 25 жыл, Астанаға 18 жыл және Алматы қаласындағы өзіміздің Алатау ауданына 8 жыл. Әрқашанда осындай еліміз көркейіп, өсіп, өне берейік. Қолдан келсе, әлі сол үшін еңбек ету керек. Құдайберген Қабдолдин, Алатау ауданы ардагерлер ұйымының төрағасы -Келешек біздің ауданда. Халқымыз өсіп, өркендеп келеді. Астанамыз көркейе берсін, еліміз жұртымыз аман болып, халқымыздың жағдайы жақсарып, күннен күнге мәртебесі өссін дегім келеді. Мереке қарсаңында ауданда 12 мың адамдық мұз айдыны пайдалануға берілді. 5000 адамға арналған спорт қалашығының құрылысы тамыз айында аяқталмақ. Ал болашақта ауданда индустриалды-инновациялық аймақ бой көтермек. Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Валентин Лобанов

Похожие видео

Показать еще