Алматыда алимент төлей алмай жүрген азаматтарға арналған жұмыс жәрмеңкесі өтті HD

30.09.2021
Алматыда алимент төлей алмай жүрген азаматтарға арналған жұмыс жәрмеңкесі өтті. Сот орындаушылары борышкер әкелерге осылайша екі қолға бір күрек табуға көмектеспекші. Мәселен, бір ғана Алматының өзінде алимент бермейтін 12 мыңнан аса азаматтың мың жарымға жуығы балаларына ақша төлегілері келмей қашып жүргендер. Тіпті 54 әке әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 19-ы қамауға алыныпты. Ал мұндай жәрмеңке ұл-қызының алдында борышын өтей алмай жүрген әкелердің мәселесін қаншалықты шеше алады? Әріптесім Өмір Серікбекұлы біліп көрген еді. Бекжан Ерсінбетов екі жыл бұрын ажырасқан. Содан бері үш баласына алимент төлеп келеді. Жұмыс тұрақсыз болғандықтан кейде балаларына ақша жіберу қиынға соғатынын айтады. Отыз бес жастағы азаматтың ендігі үміті алимент төлемей жүргендерге арналған жұмыс жәрмеңкесі. Енді ғана келген Бекжан өзіне сай келетін бірнеше қызметті түртіп алыпты. Бекжан Ерсінбетов, Алматы қаласының тұрғыны: – Пока охрана қарап жүрмін. Охранаға кірем деп. Сол, осындай вакансиялар бола берсе халыққа көмек болады. Бүгін Алматыда 30-дан астам компания алимент төлейтін азаматтар үшін жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырды. Мұнда келгендер өздеріне ыңғайлы жұмысты таңдап, орналасуына мүмкіндік бар. Жолаушы тасымалымен айналысатын мекеме бірнеше адамды қабылдағанын айтады. Тіпті тура осы жерден, бірден автопаркке жұмысқа кірісіп кеткендер де бар екен. Айгүл Имашева, жолаушы тасымалымен айналысатын компания маманы: – Бірнеше бос орындар бар. Сол лауазымға үміткерлер тауып, қуанып жатырмыз. Және де бізге сантехник керек, электриктер керек. Тек бір ғана Алматы қаласында 12 мыңнан астам алимент төлеуі тиіс азамат бар. Оның ішінде мың жарым әке балаларына ақша аударудан қашқақтайтындар қатарында. Ал, оларды жеке сот орындаушылары іздеп тауып, сотқа әкелгенде, алимент төлей алмау себебін жұмыстың жоқтығымен байланыстырады екен. Бүгінгі шара осындай әкелерге тұрақты жұмыс тауып беруге бағытталған. Әнуар Жексеков, Алматы қаласы әділет департаментінің бөлім басшысы: – Ай сайын, тоқсан сайын алимент бойынша жалақасын жұмыс беруші ай сайын дұрыстап төлеп тұрғанын қадағалау, ол уже жеке сот орындаушылардың жұмысы. Жыл басынан бері 54 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 19-ы қамауға алынған екен. Сонымен қатар, алимент төлеуден қасақана қашып жүрген 21 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Бүгін өткен жұмыс жәрмеңкесінде борышкерлерге 300-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар #Ақиқатын_Айтайық

Похожие видео

Показать еще