Елбасы Қытайға жұмыс сапары аясында ҚХР Төрағасымен келіссөздер жүргізді HD
Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда осы елдің басшысы Си Цзиньпинмен кездесті. Тараптар екі ел байланысын нығайтуға арналған бірнеше құжатты бекітті. Естеріңізге салайық, Мемлекет басшысы аспанасты еліне Қытай төрағасының шақыруымен барды. Президент онда бірқатар келіссөз жүргізіп, G-20 саммитіне қатысады деп жоспарланған. Алыс туған ағайыннан жақын тұрған көрші артық. Бүгінде Қытай төрағасының Қазақстанға деген көзқарасы осындай. Нұрсұлтан Назарбаевты үлкен жиырмалықтың жиынына арнайы шақыруы берік достықты білдіреді. Көшбасшылардың саммит қарсаңында кездесуі де серіктес елдердің ынтымақтастығын аңғартып отыр. Қос көшбасшының биылдыққа үшінші жүздесуі бұл. Жемісті деуге негіз бар. Сауда-экномика, көлік-транзит, отын-энергетика мәселелері қозғалды. Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге жұмыс сапарымен келуге, G-20-ға қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты. «Қытай бұл саммитті абырой үшін емес, өз ұсыныстарын жеткізу мақсатында ұйымдастырып отыр», – дейді сарапшылар. Бұл орайда Қазақстанның да көзқарасы ұсқас. Қазақ елі де әлемге ұсыныстарын жеткізуге ұмытылып отыр. Осылайша екі елдің де алқалы жиыннан күтер үміті зор. Қазақстан мен Қытай – Азия өңірін алға бастап жүрген үзеңгілестер. Жаһандық диалогты нығайтуда берері мол. Бұл орайда Си Цзиньпин Қазақстанның әлемдік экономиканың дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті -Хочу поблагодарить вас за приглашение совершить рабочий визит. Быть приглашением на саммит G20 – это большая честь для Казахстана и для меня лично. Вы на самом деле поступили как самый большой и близкий друг. Мы очень высоко это ценим. Председательствование было в непростое время Китая G 20, и повестка дня, которую вы подготовили, очень важная на современном этапе развития всего мира. И то, что рассматриваются сугубо экономические проблемы – это необходимая сегодня задача перед всем миром. Қазақстан мен Қытай – стратегиялық әріптес қана емес, ірі сауда серіктестер. Еліміздің жалпы сауда-саттығының 17 пайызы осы елге тиесілі. Былтыр тауар айналым 10 млрд доллардан асқан. Қытай деректеріне сүйенсек, бұл көрсеткіш тіпті 14 млрд долларға жуықтайды. Қалай болғанда, алыс-берісі мен барыс-келісі көп әріптестердің болашаққа жоспары айқын. Сауданы ұлғайтып, бірлескен инвестициялық жобаларға серпін беру.
Похожие видео
Показать еще