Шу ауданының тарихи және көрікті жерлеріне саяхат жасады. HD

25.05.2018
Әлемдік тәжірибеде табыс көзі жағынан туризм – мұнай мен газдан кейінгі орынды иемденеді. Туризм – кез-келген елдің экономикасында үш тиімді ықпалмен әсер етеді. Олар –тұрғындарды еңбекпен қамтиды, мемлекет инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді. Туризмді дамытудағы табыс оның мемлекеттік деңгейде қалай қабылданатына тікелей байланысты.Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласы аясында еліміздің тарихи мұраларын болашақ ұрпаққа жеткізу үшін Қордай ауданынан бір топ оқушылар Шу ауданының тарихи және көрікті жерлеріне саяхат жасады. Атап айтар болсақ Шу ауданының сивлына айналып үлгерген «Паравоз» мемориальдік кешенінен бастау алған саяхат, Кеңес Одағының батыры С.Естемесов ескерткіші орналасқан Жеңіс саябағына, Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйіне қойылған ескерткіш, Үш жүздің төбе биі болған Төле би бабамызға қойылған ескерткішпен жалғасып, жоңғар шапқыншылығы кезінде ерлік көрстеткен Андаұлы Ақша батыр ескерткішіне және тарихта Түргеш, Қарахан, Қарақытай мемлекеттерінің астанасы болған «Көне Баласағұн» қалашығына саяхат жасалды. Саяхат барысында оқушылар әр тасы тұнған тарих Шу өңірімен танысып қана қоймай, еліміздің, жеріміздің тарихымен, ата-бабамыздың аңсап кеткен Тәуелсіздіктің қалай келгендігін өз көздерімен көрді. Саяхат барысында мамандар көптеген сұрақтарға жауап берді. Оқушыларда көкей кесті сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Үлкен әсермен қайтқан оқушылар өз алғыстарын жаудырып, осындай саяхаттардың көптеп ұймдастырса екен деген пікірлерін білдірді. Осындай Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен халықты жұмыспен қамтуды, мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруболып табылады.

Похожие видео

Показать еще