Тазы итпен қысқы саятшлық!!! HD

31.08.2020
Ит жақсысы - тазы" туралы түсінік "Ит жақсысы - тазы" туралы түсінік Жақсы иттержайлы қазақта ертегі, аңыздар көп. Қазақтың ұғымында ең жақсы ит-құмайды иттен емес, "итала қаз" дейтін ала құстың жұмыртқасынан шығыпты-мыс, - дейді. Ол құс қасқыр мен аюдың ескі апандарын немесе таудың үңгірлерін мекендейді. құмай тазы туралы аңыз - әфсаналарға зер салатын болсақ, иттің тотемдік культі және күнделікті өмірдегі таза практикалық пайдасынан болса керек. Ит культі аңшылық дәуірінде шарықтау шегіне жетіп дәріптеліп, түркі-моңғол халықтарының арасына ителі, италақаз, құмай тазы туралы мифтер кеңінен таралған. Қумай ит туралы аңызды кезінде Ә.Диваевта жазып алған. "Қазалы, Перовск, Шымкент уездерінің қазақтарынан өзінің лақап аты бойынша бірегей құс - итала қаз жөнінде біздің әлденеше рет естуімізге тура келді. "Итала қаз жұмыртқасын елсіз және биік төбелердегі ескі, айдаладағы мазарларға салады, ол үшін сол жерден әр түрлі аң және басқалар тастап кеткен інді пайдаланады. Жұмыртқадан "құмай" деген лақап атқа ие болатын тазы ит шығады. Олар титімдей болып жарық дүниеге келеді, төстері қара ала болады, керемет шапшаңдығымен, батылдық және ептілігімен ерекшеленеді. құмай қуған аңшылықта одан бірде- бір құрбаны қашып құтыла алмайды. Кейбір қазақтардың нық сенімі бойыыша, итала қаздың етеккірі келеді, осы себепті бұл құстың еті тағамға пайдаланылмайды.

Похожие видео

Показать еще