Қарағандыдағы батыр аналардың жағдайы HD

02.11.2017
Қарағанды қаласында батыр аналар өлеместің күнін кешіп жатыр. Күлзия Нұрымхан он бірі баланы шырылдатып дүниеге әкеліп, алақандай екі бөлмелі үйді паналауда. Пәтер кезегі мүлдем жылжымайды екен. Қазір баласының алды үйленіп, арты әскерде азаматтық борышын өтеп жатыр. Ал, Назгүл Қожахметованың жағдайым мүлдем басқа. Жеті баланың анасы бүгінде нан мен тамағынан артылмайтын қаражатқа көмір де алмаған. Тіпті, балалардың қысқы киімдерін алып беруге де жағдайы жоқ. Отағасының тапқаны 47 000, өзінің жалақысы 30 000 теңге жеті баланы жеткізуге келмейді. Бұл отбасы да үкіметтен баспана алуға дәмеленіп, кезекке тұрған. Алайда, он бес жылдың ішінде жүзден аса ғана орынға жылдыған кезектен үміттерін үзген. Қазір отыз мыңға амалсыз үй жалдап жатқан көрнеді. Әкімшіліктің "заңға сәйкес, кезек күтіңдер" деген сөздерінен әбден қажыған отбасыының жағдайы күннен күнге қиындап барады. Үй жылытуға көмір де ала алмаған. Бүгінде микротолқынды пешпен амалсыз баспаналарын жылытып отыр. __ Официальный сайт: http://101tv.kz/ Одноклассники: http://ok.ru/group/52689637605590 Фейсбук: https://www.facebook.com/101tvkz/?fref=ts Вконтакте: https://vk.com/krg101tvkz Твиттер: https://twitter.com/101tv_kz

Похожие видео

Показать еще