Қарағандыда қаланың қақ ортасында «жүктілікті үземіз» деген жарнама пайда болыпты
Қарағандыда қаланың қақ ортасында «жүктілікті үземіз» деген жарнама пайда болыпты. Аялдамадан жаға ұстатарлық жарнаманы көрген тұрғындардың өздері тіксініп қалған. Алайда қағаздарды ілген емхана өкілдері істеген істерін мақтан тұтатын секілді. Олар «осының арқасында кәсібіміз қарқынды дамып келеді»,-деген пікірде. Жасанды жолмен түсік жасауды жарнамалаған бір бет парақтар Қарағандының әр жерінде ілулі. Аялдамалардан да, қаладағы кез келген көшелерден де табу қиын емес. Қыз-келіншектерді қауіпті қадамға итермелейтін іске билік тарапынан тыйым салынса да, Қарағанды емханасы қызметін қалай болса да көрсетуді көздегенге көпшілік те наразы. « Біздің еліміз үшін көпбалалы отбасы болған жақсы. Мен бұл жарнамаларға қарсымын. Өйткені туу керек, болашағымыз үшін. Балаларымыз көп болса, халқымыз көп болса болашағымыз да көп болады.» «мен оған қосылмаймын. Ол шариғатқа, адамшылыққа да жатпайды. Мен оған қосылмаймын. Дұрыс емес, қосылмаймын.» «Әрине ол дұрыс емес, Қазақстанда халық санын көбейту керек. Жүктілікті үзу дегенге мен қарсымын. Ол жарнаманы ілген компания ма, дұрыс емес олардікі.» Ал жүктілікті үзу қызметтерін жасайтын емхана басшылығы болса, бұл мәселенің маңыздылығын түсінбеген сыңайлы. Бұл жолмен пайда тапқысы келетін дәрігер, бұндай жарнамалардың арқасында түсік жасау бизнесі қызады деген пікірде. Виктор ЦЕШКОВСКИЙ, емхана директоры: «Бұнда тұрған ештене жоқ. Біз үшін ол бизнес. Адам жасанды түсікті қай жерде жасату керектігін білу керек. Адамдардың шағымын мен түсінбеймін. Ол дұрыс емес. Қазір 21 ғасыр ғой.» МЕЙРАМГҮЛ САЛҚЫМБАЕВА, тілші: «Мамандардың айтуынша, жасанды түсік жасаушылардың дені - жас қыздар. Сорақысы сол, олардың жасы бар-жоғы 16-дан басталады екен. Мұның себебін дәрігерлер түрліше түсіндіреді. Оның ішінде, аяғы ауыр болып қалған некесіз балалы болуды ар санайтын қыздар бірінші орында тұр.» Мейрамгүл Салқымбаева, Айдын Жақан.
Похожие видео
Показать еще