Жүктіліктің 35 аптасы: сезімдер, белгілер, кеңестер [Аналар әлемі]

02.02.2019
Жас көрінгіңіз келеді ме? Теріні жасартатын крем: http://c.trktp.ru/uxQe Тісті ағартатын құрылғы (тапсырыс саны шектеулі): http://c.trktp.ru/uxQk Шашты қалыпына келтіретін маска: http://c.trktp.ru/uxQm Телефонға арналған 3D экран: http://c.trktp.ru/uxQn 35 апта – жүктіліктің аяқталу кезеңінің басталуы. Күнтізбелік айлардың есебінде 35-апта бұл 8 ай және 3апта уақыт (акушерлік ай төрт аптаға тең). Тоғыз айға қараған шақта бала енді өз бетінше тыныс алуға даяр. Оның өкпесі тыныс алуға анасы тарапынан қолдауды қажет етпейді. 35 аптадан кейін туған бала өздігінен өз денесінің температурасын сақтауға бейім, оған қосымша арнайы кувез керек емес. Осы уақытқа дейін нәресте тек салмақ жинайды. Енді оның салмағы 2,5 килограммға жетті, күн сайын 220 грамм қосып отырады. Қолы мен иықтары қалыптасып, май клеткаларының жинақталуына байланысты қолдары жұмырланып кәдімгідей болады. Ішкі органдарының жұмыс істеу қабілеті жанданып, ол толық «эталондық» түрге жетеді. 35–аптада бала жатыр ішінде қалай түшкіретініне дейін айқындалады. Болашақ ана жеткілікті түрде салмақ жинауға да үлгерді. Тәртіп бойынша ең аз дегенде 10-14 килограмм салмақ қосты. Дененің мұндай салмағы болашақ ана қозғалысына біршама әсерін тигізеді. Іштің үлкендігі тамақтануға кедергі келтіреді, тыныс алуы қыса түседі. Арқа мен аяқтары жатқан кезде тез ұйып қалады. Сондықтан жиірек жатыстың қалпын өзгертіп отыру қажет. Сондай-ақ бір орында көп отырып та қалуға болмайды (30 минуттан кейін отырудың қалпын да өзгертіп отырған дұрыс). Босануға да шамалы уақыт қалды, перзентхананы таңдар уақытта келді. Егер сіз әлі таңдауға үлгермесеңіз, «Рахат» медициналық орталығы қазіргі заманауи жаңа жабдықтармен толық жабдықталған, ағзаға дәл диагностика жүргізе алады. Болашақ ана мен баланың қауіпсіздігі үшін Алматы қаласындағы әйелдер денсаулығын қорғайтын «Рахат» перзентханасының жанға жайлы қызметін алға тартамыз. Сол сияқты ерте бастан перзентханада қажет болар құжаттар мен заттардың тізіміне көңіл бөліп даярлап қойған жөн. Ең жақсысы ертерек қажеті заттарды қоржынға жинап салып қойған жөн. Толғақ басталғанда сізді керекті заттар ойландырмайды. Барлығын ретімен әр тетігіне дейін байыпты ойластырсаң, енді қорықпай-ақ дүниеге келер ұрпағыңыздың жарық дүниеге келуін тілесеңіз болды!

Похожие видео

Показать еще