Жүктіліктің 13-аптасы: сезімдер, белгілер, кеңестер [Аналар әлемі]

27.01.2019
Жүктіліктің көп күттірген он үшінші аптасы да келіп жетті. Жүктіліктің екінші триместрі деп аталады. Бұл дәрігерлердің айтуынша жүктіліктің жайлы әрі қауіпсіз кезеңі. Өзге апталармен салыстырғанда, бұл кезеңде таксикоз аяқталады, түсік қауіптілігі де бұдан бұрынғы апталардан қарағанда азаяды. Нәрестенің ұзындығы 65-78 мм дейін өсіп, салмағы 14-20 граммға жетеді. Жүктіліктің екінші триместрінде ұрық шапшаң салмақ жинап, өлшемін кеңейте түседі. Жүктіліктің он үшінші аптасында нәрестенің барлық сүт тістері орнығып қалыптаса бастайды. Осы кезде оның 20 тісі жетіледі. Саусақтарының дөңестеу бетіне өмір бойы қалатын керемет саусақ таңбалары қалыптасады. Сол сияқты ішкі организмдері дами бастайды. Дәл осы уақытта бауырдағы қан клеткалары қалыптасып құрылады, өт жолдары мен жұлын, бір өлшемге ми өсіп, әрі қарай жетіле береді. Осы кезде көз орнына келіп, қалыптаса бастайды, бұрын құлақтың орнында болған көз дұрыс орнын тауып, бір біріне жақындаса бастайды. Бала жынысын бұл кезде дәл айту қиын өйткені даму үстінде, мысалы қыз балада 2 миллионға дейін шамада жұмыртқа клеткалары қалыптасу үстінде болса, ұл балада - бездердің қалыптасуы болады. Он үшінші апта бұл төртінші айдың бірінші аптасы болып саналады. Сондықтан осы айда жүкті әйел киетін арнайы киімді ойластырып қою керек. Өйткені, сіздің ішіңіз күн санап алға қарай өсіп келеді. Он үшінші аптада сіздің емханаға барар жорығыңыз аяқтала басатайды. Тек, анализдерді тапсыру қажеттілігі болады. Бұл аптада УЗИ-ге түсіп мына анализдерді тапсыру қажет: - Қанның жалпы анализі, кіші дәреттің жалпы анализі, бұл анализдер ананың күй-жайын анықтау үшін қажет. - іштегідене мен ананың резус сәйкестілігін анықтау үшін, бұл анализдің алынуы егер ана мен әкенің резус түрлігі болған кезде алынады. - инфекцияны анықтау үшін жұқпа мен ПЦР алынады; - қызылша, таксоплазмадағы антидене жайы мен ЦМВ; герпеске қатысты анализдер; Необходимые анализы - Қанның жалпы анализі - Кіші дәреттің жалпы анализі - Нечипоринко бойынша кіші дәрет анализі - Антикоагулянт, фоспалипидке, ХГЧ-ға - Қызылша таяқшалары мен таксоплазма, герпеске, ЦМВ-ға анализ - Резустық және топтық сәйкессіздіктерді анықтау үшін - Инфекцияның бар-жоқтығын анықтау үшін жұқпа мен ПЦР - УЗИ Полезный совет Сол сияқты іштің өсуіне қарай терінің ұзарып созылу ықтималы мүмкін. Сондықтан оның алдын алу қажет ол үшін міндетті түрде терінің күтімін қолға алып, түрлі май мен кремдерді қолдану қажеттілігі туады. Крем, майлар теріні жұмсартып теріге қажетті ылғалдарды беріп, қалыпты сақталуын қамтамасыз етеді.

Похожие видео

Показать еще