Перзентханаға өз аяғымен барған жас мұғалім құрсақтағы баласымен бірге қайтыс болды HD

11.10.2021
Бұл төртінші баласына босанамын деп перзентханаға өз аяғымен барған Айжан Шепенованың соңғы суреті. Күлімдеп селфиге түскен жас мұғалім бұл суретті жақындарына жіберген. Бірақ арада екі күн өткен соң Айжан құрсақтағы баласымен бірге қайтыс болады. Жақындарының да жанын жеп отырған осы жайт. Қайғылы жағдай Алматы облысындағы Сарыөзек ауданындағы ауруханада болған. Туыстарының айтуынша, Айжан Шепеноваға дәрігерлер әуелі толғақ шақыратын дәрі салып, кейін кесір тілігін жасаған. Осы кезде келіншек көп қан жоғалтқан болуы мүмкін дейді. Қара жамылған отбасы Айжан Шепенованың қазасына тікелей Сарыөзектегі аудандық аурухананың дәрігерлері кінәлі дейді. Сөздерінше, жүктіліктің 41 аптасы толған әйелді бір апта бойы перзентханада босандырмай, жатқызып қойған. Ал Айжанның өзі дәрігерлер салған толғақ дәрісінен кейін де толғығы келмей жатқанын жақындарына ватсап арқылы жеткізген. АЙЖАН ШЕПЕНОВАНЫҢ аудио жазбасы: – Күтіп жатырмын. Бір жеті болды, больницада жатқаныма. 41 неделядан асып кетті. Кеше салған ғой, толғақтың дәрісін, чета көмектеспеді. Кішкене басталды да жоқ болып кетті, ертең қайта система қоямыз деп отыр. Марқұмның жақындары Айжанның өліміне дәл осы толғақ дәрісі кері әсер берді дейді. Себебі, толғақтың дәрісін салған әйелге кесір тілігін жасағаннан кейін қан тоқтамай, ана да, бала да көз жұмды деп отыр. БАҚЫТЖАН ЕРМЕНТАЕВ, Марқұм Айжан Шепенованың жолдасы: – Вызывающий алып, салып жіберген. Кесарево жасайды деген, вызывающий салып жіберген. Содан балам да, әйелім де қайтыс болды. ДӘМЕТ ЕРМЕНТАЕВА, Марқұм Айжан Шепенованың енесі: – Балаға да, өзіне де врачтар қарамаған. Қарамағандықтан өлтіріп отыр. Бала ішінде кравотечениемен тұңшығып өліп отыр. Содан бізге айтпаған, хабарламаған, күйеуі тыным таппағаннан кейін түнгі он екі жарымда барса, атам заманда қайтыс болып кеткен. Ешқайсысы қарамай өлтіріп отыр. Марқұмның жақындары ана мен баланың қайтыс болғанын дәрігерлер хабарламады деп қапалы. Ол аздай, Сарыөзектен Талдықорғанға баланың да, ананың да мүрдесін марқұмның жақындары өздері әкеліпті. Ешбір құжатсыз берілген мәйітті мәйітханадағылар қабылдамай, әлекке түскен. Ал дәрігерлер ана мен баланың өмірін сақтап қалуға тырыстық дейді. ГҮЛНӘР ТЫНЫБАЕВА, Кербұлақ аудандық ауруханасының дәрігері: – Сарыөзек орталық ауруханаға 1 қазан түсті.7 қазан айында толғағы басталды. Сағат 18:30 нан кейін жағдайы нашарлап, қан қысымы төмендеп кетті. Шұғыл түрде кесір тілігіне операцияға алынды. Операция кезінде жүрегі тоқтап қалды. Барлық реанимациялық шаралар жасалды. Бірақ соған қарамастан сағат 21:45 те әйел қайтыс болды. Айжанның отбасы аудандық прокуратураға арыз жазған. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар #А

Похожие видео

Показать еще