Ана бақытын сезіне алмай жүрген тұрғынға кездейсоқ қамқорлық танытқан кім? HD

28.12.2020
Атыраулық Қызғалдақ Табылдиева кездейсоқ көмек қолын созған Ядолла Агаевқа алғыс айтады. Бала сүюді аңсап жүрген ол әлеуметтік желіде емге құрқылтайдың ұясын іздепті. Өйткені, қазақы сенім бойынша, құрқылтайдың ұясы бала сүюге сеп болады. Міне, сол себепті, оралдық бейтаныс азамат қыстың күні қырауда тоғайға барып, бірнеше сағат бойы іздеп, оңайлықпен табылмайтын ұяны тауып берген екен. Танымайтын кісіден мұндай қамқорлықты күтпеген құлсарылық Қызғалдақ Табылдиева арнамыз арқылы азаматқа алғыс жолдады. Қызғалдақ Табылдиева ұлы мен қызынан кейін арада 13 жыл өтсе де ана бақытын сезіне алмай жүрген едім дейді. Ол халық медицинасында құрқылтай ұясының 80 түрлі емдік қасиетінің барын, соның ішінде бедеулік, белсіздік ауруларына ем екенін естіп жүрген. Жуықта әлеуметтік желіден осындай тағы бір ақпаратты оқыпты. Жазба соңына «қайдан, қалай табуға болады?» деп жазған екен. Сол кезде, бейтаныс біреу жекесіне «орманнан іздеп көрейін, табылса беріп жіберемін» деп жазып жіберген. Сенімсіздеу көрінгенмен екі күн ішінде тауып, Оралдан Құлсары қаласына ұяны беріп жіберіпті. ҚЫЗҒАЛДАҚ ТАБЫЛДИЕВА: – Агаев Ядолла деген Орал қаласының тұрғынына алғысымды білдіргім келеді. Мен ешқандай танымаймын ол адамды. Ондай нәрсені туғаным да жасамайды. Қыстың күні орманға барып ұя іздеу ерлік мен үшін. Сол үшін бұл азаматқа алғысымды білдіргім келеді. Әрқашан аман жүрсін, бала-шағасының қызығын көрсін. Агаев Ядолла Орал қаласы Жаңабұлақ ауылының тұрғыны екен. Өзіне алғыс айтып жатқанын естігенде біраз қобалжыды. Қолымнан келсе, мұқтажға қолдау көрсетуге әзірмін дейді ол. Орал өңірі тоғайлы орманды жер, құрқылтай құстың ұясы табылады. Бірақ оны табу қиын дейді. ЯДОЛЛА АГАЕВ, БҚО тұрғыны: – Ол кісі бала көтере алмай жүргенін айтты. Осы құрқылтайдың ұясына қолы жетпей жүргенін айтты. Сол кезде мен ол апама айттым «іздеп көремін, тапсам сізге хабарласамын» деп. Көп ұзамай екі күнде тауып, Ақтауға кетіп бара жатқан таксиге салып жібердім. Құрқылтайдың ұясын табу оңай емес. Жақын маңда болмайды. Өйткені киелі құс. Алысқа кетіп іздегеніміз рас. Қасымда досым болды. Биікте болады. 7 метрдей. Басына шығып аламыз. Оның айтуынша киелі құстың ұясын тек қыс мезгілінде ғана, яғни балапандары қанат қағып, бос қалғанда алуға болады. Ұя кәдімгі шұлық секілді жүннен тоқылады екен. ЯДОЛЛА АГАЕВ, БҚО тұрғыны: – Мақта тәріздес ішінде ұясы бар, міне. Іші балапандарына арнайы тоқып жасаған. Ядолла осыдан бірер жыл бұрын да бір отбасының еміне осындай ұя тауып, беріп жіберген екен. Кейін қуаныштарымен бөлісіп, олар да алғыс айыпты. Осыны естігендер жан-жақтан хабарласып, өтініш жасап жатыр дейді ол. Ядолла бүгін де тағы бір жанның өтініші үшін орманға бет алыпты. Жанат Молдашова, Фархат Тәжібаев Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tik

Похожие видео

Показать еще