Депутат қарсылығы: Елорда әкімі 6,5 миллиард теңгеге мүгедек балалар үшін ипподром салмақ HD

07.02.2022
Елорда әкімі Алтай Көлгінов 6,5 миллиард теңгеге мүгедек балалар үшін ипподром салмақ. Бір қызығы Нұр-Сұлтан әкімдігі дәл осындай ипподромды алты жыл бұрын қорасымен, ішіндегі жылқысы, сыртындағы көлігімен бірге 41 миллион теңгеге сатып жіберген екен. Осыны айтуға батылы жеткен қалалық мәслихат депутаты Владислав Сергеев бастамаға жалғыз өзі қарсы шығып отыр. Мүгедектігі бар бала өсіріп отырған Ботагөз Сұлтанова ипподром мәселесін көтеріп, 2019 жылы әкімдікке барған. Айтуынша, иппотерапия - баласына ең қажетті ем-домның бірі. Бірақ, миллиардтарды бір ғана нысанға жұмсау ақылға қонымсыз дейді. БОТАГӨЗ СҰЛТАНОВА, "Бақытты Шаңырақ" қоғамдық қорының төрайымы – Нұр-Сұлтанда оңалту орталықтары жетіспейді, бізде білікті мамандар, бассейндер жоқ. Мен бассейн мәселесін 3 жыл бойы көтердім. Тұрғын үй, медицина сияқты проблемалар өте көп. Жәрдемақыларын көтеру керек. Мен бұл ақшаны осындай қажеттіліктерге бағыттаған дұрыс деп санаймын. АЛМАГҮЛ СЕРІКБАЕВА, ата-ана: – Балаларға больше реабилитационный центр керек, чем ипподром. Оборудование неше түрлі, басын снимать ететін, органдарды снимать ететін мүгедек балаларға. Ал мәслихат депутаты Владислав Сергеев "бұл қаражатты арнайы жабдық пен инвотакси сатып алуға және ерекше балалардың басқа да қажеттіліктеріне жұмсау керек, қомақты ақшаға ипподром салудың қажеті жоқ" екенін айтады. ВЛАДИСЛАВ СЕРГЕЕВ, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат депутаты: – Бұл ипподром Қосшы ауданында салынбақ. Сал ауруы бар балалар ол жерге қалай барады, елестетіңізші? Бұл жерде басты мәселе диагнозы ауыр балалардың қажеттілігі. Мен қарсы дауыс бердім, өйткені, алдымен жобаны талқылап, қаншалықты керек екенін түсіну керек. Бұл ақшаға тек оңалту орталықтарын ғана емес, толыққанды аурухана салуға болады. Айта кетейік, Президент vемлекеттік сатып алу жүйесіндегі барлық нормативтік шарттарға қарамастан, тендерді кім жеңетіні алдын ала белгілі болатынын айтып, жауаптыларды сынға алған. Мемлекет басшысы Үкімет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сатып алуды реттеу тәсілдерін қайта қарауға тапсырма берді. Ал, қала сыртына салынатын құрылыс туралы әзірге Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі ешқандай ақпарат бермеді. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Елорда #ипподром #мүгедектік

Похожие видео

Показать еще