Жалдамалы пәтердің бір бөлігін мемлекет төлемек | Заң жобасына талдау | Ресми заңды күшіне енген жоқ HD

28.01.2022
https://www.gov.kz/memleket/entities/miid/documents/details/252171?directionId=255&lang=kk 2-тарау. Төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру тәртібі 9. Өтініш берушіге (үміткерге) қойылатын негізгі талаптар: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) соңғы 6 (алты) айда еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түсетін, отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспайтын табысының (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда) болуы; 3) Заңға сәйкес санаттар бойынша тұрғын үйге мұқтаж адамның есепке қойылуын және тұрғын үйге мұқтаж адамның мәртебесін растауы: 1 және 2 топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар; кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар. 10. Отбасының құрамына байланысты жалға алынған тұрғын үй алаңын төлеуді жүзеге асыру үшін рұқсат етілген: отбасы мүшелерінің саны 1-ден 3-ке дейінгі отбасы үшін – 40 шаршы метрден артық емес; отбасы мүшелерінің саны 4-тен 5-ке дейінгі отбасы үшін – 60 шаршы метрден артық емес; отбасы мүшелері саны 6 және одан көп обасы үшін – 80 шаршы метрден артық емес. Алаңы үлкен тұрғын үйді жалдау кезінде жалға алынатын тұрғын үй алаңының көрсетілген өлшемшарттарының тек 50 %-ы ғана төлеуге жатады. Төлемдер жалға алынған тұрғын үйдің алаңына және осы тармақта көрсетілген отбасының сандық құрамына өлшемдер ескеріле отырып жүзеге асырылады. 11. Төлемдерді алу үшін өтініш беруші (үміткер) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық кадастрда тіркелген тұрғын үйді жалдау (жалдау) шартын қоса бере отырып, жеке тұрғын үй қорында жалға алынған тұрғын үй үшін төлемдерді тағайындауға өтінішпен ЭЦҚ арқылы, ішкі құжатта белгіленген электрондық немесе өзге де тәсілмен «Отбасы банкі» АҚ-ға жүгінеді. 12. «Отбасы банк» АҚ жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін жабу үшін төлемдерге өтініштер қабылдайды және оларды Банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды. «Отбасы банк» АҚ ұсынылған құжаттарды тексереді, өтініш берушінің (үміткердің) төлем қабілеттілігін, сондай-ақ жалдау төлемдері мен төлемдерін есептеуге арналған ашық ағымдағы арнайы шоттың болуын олар ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тексереді. 13. Өтініш беруші (үміткер) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде «Отбасы банк» АҚ өтініш берушіге (үміткерге) төлемдер тағайындайды және алушы ағымдағы арнайы шотта жалдау төлемі сомасының 50 %-ын, сондай-ақ Қағидалардың 10-тармағында көзделген жалға алынатын тұрғын үй алаңына қойылатын өлшемшарттардан асып кетуіне байланысты алу

Похожие видео

Показать еще