Атырау облысында көп балалы аналар әкімдік берген баспанадан бас тартып жатыр HD
Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылындағы көп балалы отбасылар алдандық деп, аудан әкімі берген үйден бас тартып жатыр. Жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрған оларға жуықта аудан басшылары баспана кілтін табыстапты. Бірақ бір топ ананың қуанышы ұзаққа созылмаған. Өйткені жергілікті әкімдік қара суық, сапасыз жөнделген ескі ғимаратты оларға жүз жылға жалға бергенін білген. Бұл көп балалы отбасыларға жуықта жергілікті әкімдік салтанатты түрде баспана кілтін табыс еткен. Бірақ қуаныштары ұзаққа созылмапты. Пәтерлер қара суық. Улы газдың исі қолқаны қабатынын айтады. Ал ескі ғимаратқа жөндеу жасаған кәсіпкер қалған-құтқан құрылыс материалдарын орнатқан дейді олар. Қабырғалардың сылағы құлап жатыр. Терезе әйнектері сынық, тіпті кейбірі мүлде ашылмайды. Бізді мазақ етті деген аналар баспананың жалдамалы екенін де айтпаған деп ашулы. НҰРГҮЛ НҰРМАШОВА, көп балалы ана: – ЖКХ-дан очередь бойынша алып тұрмын. Әлі көшкен жоқпын, бірақ адам тұратын жағдайда емес. Қазір жылармандай күйде тұрмын. Пол салқын, цемент. Қақап тұр. Б/у батареялар бір бөлмеге сәйкес келмейді. Туалеттен су кетіп жатыр. АЙНАГҮЛ ИМАШОВА, көп балалы ана: – Менің бес балам бар. Мына үй салқын. Енді кеше келіп бізге 100 жылға төлейсіздер дейді. Жүз жыл деген не масқара?! Біз қай заманда өмір сүріп жатырмыз. Көп балалыға деп онда бізге неге беріп отыр?! 100 жылға 8 мыңнан төлейсіздер дейді. Сонда 10 млн-ға бұл үй тұрмайды. Сап- салқын. Бала түгілі өзім тоңып қалдым. Бұл үйдегі сегіз пәтердің барлығы кезектегі көп балалы отбасыларға берілгенмен бәрі бірдей көшіп келмеген. Тек барар баспанасы жоқ екі отбасы ғана амалдап тұрып жатқандарын айтады. Шағым бойынша келдік деген шенеуніктер «кемшіліктер бар, бірақ қашан шешімін табатынын айта алмаймыз» дейді. Бұл баспаналар аналарға «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша алыныпты, яғни тегін емес, жалдап қана тұра алады. Ал аудан әкімдігінің тапсырысымен ескі ғимаратты 80 млн. теңгеге жөндеген кәсіпкер шығынға белшеден баттым деп ақталды. ЖЕҢІСБАЙ ДОСҚАЙЫРОВ, кәсіпкер: – Мұны тіпті әрең бітірдім. Оны айтсам жүрегім ауырады. Тіпті семьямнан айырылып кетуге қалдым. Неге керек сол, неге сол жерге басыңды тықтың деді қазақша айтқанда. Солай. Енді кішкене жетіспестіктері бар. Енді оны күн жылынсын. Қазір қыстың ішінде ештеңе жасай алмаймын гой. Договорда бар. Жасап беремін. Көп балалы аналар келісімшартқа әлі қол қоймағандарын айтады. Бірақ шенеуніктер бұл пәтерлерден бас тартсаңыздар басқа баспана берілмейді деген көрінеді. ЖАНАТ МОЛДАШОВА, тілші: – Мынау әжетхана, бес адым жерде ауыз су құдығы. Құдықтан су ішу мүмкін емес дейді тұрғындар. Өйткені кәріздің дәмі шығады. Осы мәселенің барлығын айтып шағымданған тұрғындарға жергілікті әкімдік арыздана берсеңіздер мүлде баспанасыз қаласыздар депті. Жанат Молдашова, Фархат Тәжібаев Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://inst
Похожие видео
Показать еще