Биліктің бекіткен күнбағыс майының бағасы литріне 608 теңге. Алайда базардағы баға... HD
Ақтөбе облысында күнбағыс майының бағасына шектеу қойылды. Енді сұйық майдың бір литрі 608 теңгеден аспау керек. Бірден қырық пайызға қымбаттап кеткен бағаны тұрақтандыру үшін әкімдік осындай қаулы шығарыпты. Алайда саудагерлер биліктің бекітіп берген бағасы бөлшек сауда түгілі көтерме саудада да жоқ деп отыр. Ақтөбеде күнбағыс майының бағасына қойылған шектеу әсіресе алып сатумен айналысатын саудагерлердің ашуын тудырған. Өйткені бөлшек сауда үшін билік қойған баға қазіргі нарыққа сай емес. Сөздерінше дәл қазір Ақтөбеде шенеуніктер айтқандай 608 теңгеге күнбағыс майы жоқ. МӨЛДІР ҚУАНЫШБАЕВА, саудагер: – Мы сами в шоке. Адамдар да шошиды. Адамдармен қосылып біз де шошимыз. 640 -тан аламыз. 680-700 теңге, әртүрлі баға. Сатамыз, тек он процент қоятынымыз үстінен. Ол бізге байланысты емес.Оптовый бағалары солай келеді. 640-680-700 ден. АЙНАГҮЛ МАХАМБЕТОВА, саудагер: – 608 деген баға жоқ. Бәрі қымбат. 700 теңгеден келіп жатыр. Міне, шедевр 770 теңге. Тек он процент қоямыз. 700 теңгеден келеді. Басқа сауда орындарын айтпағанда әкімдіктің өзі бағасын қадағалап отыратын коммуналдық базарда күнбағыс майының бір литрі жеті жүз теңгеден бастап сатылып жатыр. Ал әлеуметтік дүкенде сұйық майы мүлдем жоқ. АСҚАРБЕК ҚОЙЛЫБАЕВ, «Табыс» коммуналдық базарының қызметкері: – Стабилизационный фонд деген бар бізде. Соның тауарын сатамыз. Онда қазір бізде шемішкенің майы жоқ. 630-650-ден келеді. Біз оларға айта алмаймыз. Сендер 608 теңгеден беріңдер деп. Ал күнбағыс майының бағасына шектеу қойып, қаулы шығарған әкімдіктегілер 608 теңгені майдың барлық түріне бекітіпті. Және қаладағы сауда орындарында дәл осы бағада сатылып жатыр дейді. НҰРХАН ТІЛЕУМҰРАТОВ, Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлік басқармасының басшысы: – Майдың бағасы төмендеді. Мысалы майдың да түрлері бар. Бағалары өзгереді. Қазір барлығына бір баға. Қазақстандық та, ресейлік те, басқа да болсын 608 теңге бағасы. Осылайша нарықта қымбаттаса да әкімдіктегілер үшін бағасы төмендеген күнбағыс майына шектеу әзірше үш айға қойылыпты. Алайда шенділер бұл баға тоқсан күннің ішінде тағы өзгеру мүмкін әбден мүмкін деп отыр. Жанар Қожанова, Жомарт Құдайбергенов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #қымбатшылық #күнбағыс_майы #баға #базар #сауда_саттық
Похожие видео
Показать еще