Медициналық сақтандыру қорының төрт басшысы 2019 жылы 77 миллион теңге сыйақы алған HD
Қазақстан медицинасын түзейді деп құрылған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрт басшысы 2019 жылы жалақысынан бөлек, 77 миллион теңге сыйақы алған. Яғни орта есеппен әрқайсысының қолына 19 миллион теңгеден тиген. Басшылар аранының ашылып кетуінің себебі түсінікті. Өйткені медициналық сақтандыруға да, зейнетақы қорына да жыл сайын миллиардтаған жарна аударылады. Ал мұндай сыйақылардың көптігін депутаттар бақылаудың жоқтығынан көріп отыр. Осыған байланысты мәжілісмендер әлеуметтік қорларды тез арада біріктіріп, оның жұмысын қадағалау керек деген бастама көтерді. 2019 жылы Тоқаев бюджеттен тыс әлеуметтік қорларды бақылауға алып, оларды біріктіру туралы тапсырма берген болатын. Алайда бір жарым жыл өтсе де президенттің тағы бір тапсырмасы орындаусыз қалып отыр. Тіпті, пандемия кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан олқылық шығып, халықтың қалтасынан жиналған қаражат мақсатсыз жұмсалса да қордың жұмыс істеу мехнаизмінде айтарлықтай өзгеріс болған жоқ дейді мәжілісмендер. АМАНЖАН ЖАМАЛОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – МӘМС қорының 4 басқарма мүшелеріне 77 миллион теңге сомасында сыйақы төленген. Яғни, әрқайсысы 19 миллион алды деген сөз. Медициналық сақтандыру басшысының өз жалақысын көпшілікке жариялаудан бас тартқаны да содан болар. Бұл коммерциялық құпия деді. Алайда қор азаматтардың аударған жарналарынан тұрады емес пе?! 2019 жылы медициналық сақтандыру қоры әкімшілік шығындарына 1 миллиард 900 миллион теңге, ал бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 11 миллиард 8 миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған. Депутаттардың айтуынша, халық игілігіне жұмыс істеуі керек қорлардың пайдасынан өздеріне жұмсаған шығындары шаш етектен. Сондықтан депутаттар Мәминнен бюджеттен тыс әлеуметтік қорларды тез арада біріктіруді талап етті. АМАНЖАН ЖАМАЛОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – Бюджеттен тыс қорлардың ашықтығын қамтамасыз ету керек деп ойлаймын. Олар қанша жалақы алатындарын және әкімшілік шығындар туралы ақпаратты жасырмау тиіс. Ең әуелі 2020 жылғы шығындарын көрсетсін. Сондай-ақ депутаттар үкіметтен зейнетке шығу жасын қайта қарауды сұрады. Депутаттардың пікірінше, тек күштік құрылым қызметкерлерін демалысқа ерте жіберу әділетсіз екен. АЛЕКСЕНДР МИЛЮТИН, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – Бұл әділетсіз деп ойлаймыз. Өйткені шахтер, метталург, балерина секілді өнер адамдары да 60-қа жетпей кәсібилігін жоғалтады. Сондықтан зейнеткерлікке шығар кезде адамның жұмыс ауырлығы да есепке алуынуы керек. Зейнет жасына қатысты сауал парламент қабырғасында алғаш рет көтеріліп тұрған жоқ. Мәмин мұндай сауалдарды жауапсыз қалдырмайды, бірақ оған депутаттардың көңілі толмайды екен. Қайта сұрау жіберуден жалықпаймыз деген депутаттар 1998 жылы тоқтап қалған ортақ зейнетақы жүйесін де қайтару керек деді. Сондай-ақ нақты тұтыну бағаларының өсу индексін ескере отырып, ортақ зейнетақыны қайта есептеу туралы мәселені де тілге тиек етті. Гүлназ Сайлауқызы, Нұркен Тоқмурзин Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://
Похожие видео
Показать еще