Карантинде 42500 теңге кімге жетеді? HD
Карантин кезеңінде мемлекеттен көмек болады деп үміттендік. Алайда 42500 теңгені алу барлығымыз үшін бір үлкен сынға айналды. Негізі бұл сома біздің төлемін жасаған жарналарымыздың сақтандыруы. Карантин кезеңі – осы сақтандыруды бізге төлейтін кезең. Олай болса біз мемлекеттен мұны талап ете аламыз ба? Бюджеттен тыс фондтар деген не және неге біз БЖЗҚ (Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры), МӘСҚ (Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры), ӘМСҚ (Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры) сырттай жанама салық деп ойлаймыз. Айлығымздан міндетті төлемдер арсайын: Зейнетақы қорына 10 %, Әлеуметтік сақтандыру қорына 3,5%, Медициналық сақтандыру қорына 1,5%. Қарапайым азматтардан жинақ сомасы 33 миллиардқа жеткен екең, оның ішінде: БЖЗҚ-нің активтері 11659 миллирд теңге, МӘСҚ-нің активтері 1439 миллиард теңге, ӘМСҚ-нің активтері 972 миллиард теңге. Бірақ көпжылдық еңбегіміз үшін билік бізге 42500 теңгеден артық бер алмас. Табысын жоғалтқандарға берілетін 42500 теңге төлемі бойынша нақтырақ. Бұл жәрдемақы қисынға сай біздің әлеуметтік сақтандыруымыз. Олай болса, ол Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіп отыр. Бұл жағдайда сақтандыру төлемі азаматтардың жинақтаған сақтандыру жарналарынан қалай есептеліп жатыр? Мысалы, АҚШ-та барлық сақтандыру жарналары сақтандырыла, шешіле немесе зейнетақы сақтандыру аннуитетіне аударыла алады. Мәнсабын тәмамдаған көптеген азаматтар бұл төлемдерді алып толық бір бизнес ашады екен. Ал біздің МӘСҚ–да не болып жатыр? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2015-жылдан бері аударымдар құйылып жатыр, ал 2018-жылдан бастап жалақының 1,5%-ы осы қорға салынуға міндеттелді. Коронавирус сақтандыру жағдайына кіре ме? Әлеуметтік сақтандыруға қалай қол жеткізуге болады? БЖЗҚ – бұл жердегі біздің ақшаларымыз банктерді құтқаруға, түрлі жобаларды жүзеге асыруға, бюджеттік дефициттің орнын жабуға жұмсалды. 24 млрд. доллар – бұл сіз бен біздің ақшамыз. Бұл ақшаның 67%-ы мемлекеттік облигацияларға салынған. Бұл мемлекеттің өз азаматтарына деген ішкі қарызы. Менің жасымдағы азаматтар 90-шы жылдары мемлекеттік несиеге алынған облигациялардың, ваучерлердің, ПИК-тердің соңы неге алып келгенін және халықтың қалай алданғанын білеміз. Біз, БЖЗҚ-ның салымшылары ретінде тікелей дивиденд алуды және бюджеттен мемлекеттік қарыз бойынша төлемнің қайтарылуын талап ете аламыз ба? Жеке зейнетақы шотымызды қалай бақыласақ болады? Талап ету құқығымызды (біз дебитормыз) меншік құқығына айналдыра аламыз ба? Осы және басқа да сұрақтарға экономист және заңгер Марат Абдурахмановпен бірге жауап беруге тырысамыз. Бұл кісі, Ұлттық Банк, Қаржы қадағалау агенттігінен Қазақстанның азаматтық заңнамасын орындауын талап еткен жалғыз ғана экономист.
Похожие видео
Показать еще