СҮЙІНШІ! УКРАИНА ШЕКАРАҒА ЖЕТТІ — 1 МИЛЛИОН ӘСКЕР СОҒЫСҚА КІРІСТІ — РЕСЕЙ КЕРІ ШЕГІНДІ! HD

24.10.2022
Бәріңізге ассалаумағалейкум Украина мен Ресей соғысында қандай өзгерістер орын алып жатыр? Осыған дейінгі Ресей тарапының шығыны қаншаға жетті? Қанша техникасы мен сарбазынан айырылды? Украина өзіне тиесілі төрт облысты қайтара ала ма? Бір қазанға сиыспаған екі қошқардың қайсысының басы кесілмек? Қайсысы құрбандыққа шалынбақ? Бұл туралы өте өзекті ақпараттарды сізге Көрген дұрыс Патша көңілді көрермендер. Бар болғаны 15 секундыңызды қиып, видеомызға лайк басып, арнаға тіркеліп, қасында шыққан кішкентай ғана қоңыраушаны түрте кетіңіздерші. Сіздердің бізге көрсеткен қолдауларыңыз, зор шабыт пен еңбегіміздің жемісі болып табылмақ. Кеттік ендеше! Жазушы, публицист Марат Байділдәұлы солтүстіктегі соғыс туралы керемет аналитика жасапты. Әгәраки, соны алдарыңызға ұсынуды жөн көрдік! Әлеуметтік желіде Украинаға қатысты ақпараттарды тек Ресей телеарналарынан алып отырған ағайындардың біржақты көзқарастарын байқап қаламын. «Жаңа жылға дейін Зеленскийдің күні бітеді-мыс», «Ресей Украинаны бомбалап тас-талқан етеді-мыс» деген тәрізді пайымдаулар ақиқаттан мүлде алыс. Нақты жағдай қандай? * Украина армиясы мен халқының жеңіске деген мотивациясы зор, өйткені олар өз атамекені мен туған жерін қорғауда. Соғыс басталған алғашқы аптада ғана 5 млн-ға жуық украиндық Отан қорғау үшін майданға сұранып әскери комисариаттарға барған. Орыс әскерінде бейбіт елді мекендерді тонаудан басқа мотивация жоқ. * Ресей әскері Украинаның негізінен орыстар тұратын шығыс тарапындағы қалалар мен елді мекендерді басып алып, бейбіт тұрғындарын қыра бастаған соң бұрын басы қосыла бермейтін Украина халқы қазір Ресей агрессиясына қарсы тас түйін бірікті. Патриотизмі күшейді. Украина тәуелсіздігін қорғауға қатысып жүрген қазақ жігіттері де бар. * Ресей агрессиясынан кейін украин тілі елдегі жетекші, басты тілге айналды. Орыстардың өзі украин тілінде сөйлейтін болды. * Қазір Украинаның майдандағы армиясының саны 700 мыңнан асты. Бір млн запастағы әскері дайын тұр. Ай сайын шетелдерде 10 мыңнан астам украин әскері дайындықтан өтеді. Олар жаңа соғыс техникасын меңгеруді үйренуде. * Украина жеті айда Ресейдің тұрақты (регулярная) армиясын талқандады. Ресейдің 60 мыңнан астам солдаты мен офицерінің көзі жойылды. 200 мыңнан астам әскері жараланды, 30 мыңдай әскери қызметкері хабар-ошарсыз кетті. (Джавелин снаряды тиген танк экипажынан ешқандай із қалмайды). Тұрақты армиясы талқандалған Ресей енді амалсыз мобилизация арқылы резервтік армиясын ұрысқа қосып жатыр. Жағдайының қиындап бара жатқанын сезген Ресей билігі Украин тарапынан күн сайын дерлік келіссөзге отыруды, соғыс қимылдарын тым болмаса үш айға тоқтата тұруды сұрап өліп барады. * Украина Қарулы Күштері қыркүйек айының ортасынан бастап қорғаныс қимылдарынан енді батыл шабуыл әрекеттеріне көшті. Бүгінгі күнге дейін Херсон, Запорожье, Луганск мен Донбасс өңірінде 1700-ден астам елді мекен азат етілді. * Жау уақытша басып алған аумақтарда украин партизандарының қозғалысы қанат жайып барады. Олар дұшпан коммуникацияларына айтарлықтай зиян келтіруде. Украин артиллериясына жаудың әскери қоймалары, жанармай бекеттері, штабтары мен әскери казармалары туралы кординаттар беруде. * Орыс армиясында тәжірибелі офицерлер жетіспейді. Көшеден ұсталған жастардан, 40-50 жастағы «диван батырларынан», түрмеден шығарылған қылмыскерлерден жасақталған құрамалары «зеңбірек жеміне» айналып жатыр. Бұрын орыстардың күніне орташа есеппен 120-150 солдаты қаза табатын болса бүгінде күніне 450-500 солдаты ажал құшуда. * Жанталасқан Ресей одақтас мемлекет ретінде Белорус жеріне 70 мың әскерін шоғырландырып жатыр. Солтүстіктен тап бермек. Бірақ Украина армиясы Белорус шекарасында осы қауіпке қарсы әскери жаттығу өткізіп, қазір «келсең кел» деп сақадай сай отыр. 70 мың полиэтилен пакет дайын. * Украина Еуроодаққа кандидат ел ретінде қабылданды. * Украина Ресейдің энергожүйесінен шығып, Еуропаның энергожүйесіне қосылды. * Украинаның ең заманауи қару-жарақтармен жарақтануы жылдам жүріп жатыр. АҚШ-тың арнайы ленд-лиз заңы бойынша орасан көлемде көмек жүзеге асырылуда. АҚШ-тың 800-ден астам әскери зауыты Украинаға жұмыс істеуде. * Еуроодақ елдері де қолынан келгенше көмек жасауда. Қызық болғанда көлемді «көмек» Ресейден жасалып отыр. Өз еркімен тұтқынға берілген орыс солдаттары айдап әкелген танктер мен зытқан ресейліктер майдан даласына тастап кеткен танктердің саны қазір 500-ден асып кетті. Олар қазір орыс әскеріне қарсы шайқастарда қолданылуда. * Украина Қарулы Күштері қазір Еуропадағы ең тәжірибелі, ең мықты армияға айналды. * Украина қазір әлемдегі ең танымал мемлекет. Киев 2022 жылы әлемде шетел президенттері мен халықаралық ұйымдардың басшылары ең көп келген қала болып отыр. * НАТО қайтадан әлемдегі ең ықпалды әскери ұйымға айналды. Оның қатары Шведия және Финляндия сияқты екі елмен толықты. Украина НАТО құрамына мүшелікке өтуге ресми өтініш берді.

Похожие видео

Показать еще