АҚТАН ЖЫРАУ КЕРЕЙҰЛЫ (1850-1912) — «ЕРЛІК ЖЫРЫ»
ЖЕМЕНЕЙ/КЕНЖЕ - АҚТАН ЖЫРАУ КЕРЕЙҰЛЫ (1850-1912). «ЕРЛІК ЖЫРЫ» Орындаған жыршы: Қосай - Аманбек СӘУІРБАЕВ *** Жырдың толық нұсқасы: Дүния пәни болғалы Өтпеді кімдер заманнан, Хауа менен Адамнан?! Неше бір ерлер өтулі Егескен жерден ар алған. Қазақ – Алшын – Байұлы, Сегіз арыс Адайдан. Рет-рет ер өтті Қарғытқан атын қамалдан. Жүйрік кемел би өтті Сөзінен жұрты пән алған. Қатаң заман тап болып, Уақытта мынау азайған Найза ұстаған Адайда Ер өткен жоқ Шабайдан. Бір азырақ айтайын, Айта алсам, парқын байқайын, Бердәулет пен Жоламан – Ер жүрияты шабаздан. Солардан ерлік көргелі, Хал-ауқат етіп біз жүрміз, Өлмессің бұрын қазаңнан. Тұсында болған белгілі Тарғыннан асқан ерлігі Қалмақты қуған Шағаннан*, Ноғайлының елінде Ер Мұсаның баласы Орақ пенен Мамайдан. Хан базарлы шәһәрінде Қауіп ойламай ажалдан, Тұсынан озып баға алған. Мың кісіге балаған, Әлкен ханды өлтіріп, Орнына ісін келтіріп, Ерлікпенен ар алған. Ертедегі ерлер болмаса, Базарлы жерде бас кесіп, Хан өлтірген батыр жок, Заманда осы азайған. Ер Шабайдың тұқымы Берен батыр сазарған. Он екі болыс үстінен Хәкім болып қараған, Еріткен нөкер аламан, Әлке сынды хандарды Табармыз деп даладан, Болмаса шәһәр-қаладан. Өлтіріп ханын шіренген, Артын кұнсыз жіберген. Осал деп ісін кім айтар Бұл екі батыр баланы-ай, Сүйінді жақын талайы-ай. Әлімұлы, Байұлы. Мынау бір Алшын – Адайда Ер Шабайдың орнының Нағыз екен тұқымы, Жоқ екен қоспақ қаяуы-ай. Жүйрік екен баршасы, Жоқ екен қырсау шабаны-ай. Жырламасқа жол бар ма, Іс еткен соң бұлардай. Біраз ата орнының Белгісіз жатыр талайы-ай. Өрден шыққан батырлар Атақозы, Бердібек, Ерлік қылған белгілеп. Есен, Сүгір, Шабайды, Шотан, Қармыс, Қонайды, Тұсында ешкім бұларды Айтпаған екен кем-ді деп. Қайсы бірін айтайын, Ертеде өткен атақты Асыл ердің орны көп... Бұлардан бұрын өнерлі Беріштен шықты қос батыр – Исатай мен Махамбет Анау бір жатқан Нарыннан. Арыстан ханды өлтірген Ерназар, Бекет бұл шықты Жоғарғы Шекті калыңнан. Ерлік етті Ер Мыңбай, Сұлтангелді, Көктаубай Есентемір қарымнан, Жау көрмесе, сағынған. Асау, Тұрлан бұл шықты Шеркеш деген сауырдан. Қатарынан қайтқан жері жоқ Қарсыласқан жауынан. Патшамен Өтен қас болып, Қазаға жалғыз тап болып, Қаратаз бен Адайдың Кешегі бір күндерде Жанына батып ауырған. Қала өртеп, ояз өлтірген Иса, Досан бұл шықты Адай деген ауылдан. Құтылды Иса жазадан, Досан өлді қазадан. Сөйтіп қайрат, қаһары Бізден талай табылған. Ғафур менен Исаның Билік беріп қолына, Астана халқы бағынған. Асыл туған билерім Ақыл тапты нағыздан. Кешегі өткен күндерде Арын іздеп елінің, Аманияз* сабылған. Жауларын талай өлтіріп, Орнына ісін келтіріп, Жүрегін басты қабынған. Қайсы бірін айтайын, Біздің Адай ерлері Ерегескен дұшпаннан Талай арын айырған. Амантұрлы, Қожалак, Мыңбай, Төкеш, Құлыбек – Айтулы ерлер өтіпті Аюдайын ақырып Жалыны шыққан аузынан. Сол ерлердің ішінде, Бердәулет пен Жоламан, Оғы қардай бораған. Құрбысынан озаған. Құпияда ханды өлтірген, Сөйтіп отын сөндірген. Ерегессе ер тілген, Дұшпаннан қайтқан жері жоқ Шабайдан бергі мезгілд
Похожие видео
Показать еще