Карантин күшейтілді! Солтүстік Қазақстанда індет жұқтырғандар саны екі есеге өсіп кеткен HD

22.10.2021
Қазақстанның кейбір өңірлерінде карантин шаралары жеңілдетіліп жатса, еліміздің солтүстігінде керісінше той-томалақтар мен жиын өткізуге тыйым салынды. Өйткені соңғы аптада аймақта вирус жұқтырғандар саны екі есеге көбейіп кеткен. Тіпті, мамандар жағдай ушықса облыс күрең қызыл аймаққа өтіп, мекемелер мен кәсіпорындардың жұмысын толық тоқтатуға дайын. Әрі облыс тұрғындарына көрші Ресейге шығуға уақытша шектеу қойылады. Себебі, ондағы эпид ахуал тіптен қорқынышты. Тәулігіне қырық мыңға жуық адам вирус жұқтырып, мыңнан астамы қаза болды. Еліміздің солтүстігінде карантин күшейтіліп жатыр. Өйткені індет жұқтырғандар саны екі есеге артып, тәулігіне екі жүзге жуық адамнан инфекция анықталуда. Енді өңірде той-томалақ пен басқа да салтанатты жиындарға, діни орындарда құлшылық етуге тыйым салынды. Спорттық іс-шаралар көрермендерсіз өтуі тиіс. Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы түнгі екіден кешкі онға дейін қысқарды. Жағдай бұлай жалғаса берсе облыс коронавирустың таралуы бойынша күрең қызыл аймаққа ауысуы мүмкін. Ол кезде түгел облыс қатаң карантинге жабылып, мекемелер мен кәсіпорындардың жұмысын тоқтатпақ. Мамандар эпидахуалдың бұлай ушығуын іргедегі Ресейдегі жағдаймен байланыстырады. Себебі соңғы 20 күнде солтүстікке көрші мемлекеттен 200 мыңға жуық адам кірген. Олардың алты мыңға жуығында ПТР анықтама болмаса, бес жүз адамнан коронавирус анықталған. ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, СҚО санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы: – Шекаралас көрші елдермен Солтүстік Қазақстан облысынан көп адамдар қарым-қатынас жасайды. Сондықтан ол да әсерін тигізуі мүмкін. Мамандар Ресейде науқастардың көбеюіне байланысты, тұрғындардан көрші елге шықпауды сұрайды. Ал, Ресейдің 4 өңірімен шектесетін Павлодар облысында да науқастар күннен-күнге көбеюде. Соңғы тәулікте 687 адам шекара асып келсе, оның төртеуі карантинге жатқызылған. ДИНАРА САРТОВА, Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы: – Вирус жұқтырған 268 адам шекарадан өткен. Олардың барлығында вирустың симптомсыз түрі анықталды. 4 азаматта ПТР тесті болмағандықтан, кері қайтарылды. Ал коронавирус инфекциясын жұқтырғандар арасында көш бастап тұрған Алматының әуежайында сақтық шаралары күшейтілген. Қазір шетелдерден келген азаматтардың барлығы тепловизормен тексеріліп жатыр. Мамандар, Ресейде таралып жатқан вирустың «дельта» штамы қауіпті дейді. Руслан Жасұланұлы, Зұлқарнай Ермұратұлы Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #карантин #қызыл_аймақ #шектеулер #СҚО

Похожие видео

Показать еще