Солтүстік Қазақстан облысында айыппұл тұрағындағы көліктер сатылып жатыр HD

22.01.2022
Солтүстік Қазақстан облысында айыппұл тұрағындағы көліктер сатылып жатыр. Өйткені тұрақ автомобильдерге лық толғандықтан, басқа көліктерді қоятын орын қалмаған. Ал сатылымға шығарылған машиналар он жылдан артық тұрып қалған ескі көліктер. Бұл Петропавлдағы жалғыз мамандандырылған айыппұл тұрағы. Елге заңсыз кіргізілген, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін тәркіленген көліктер осы жерге жеткізіледі. Қаңтарылған машинардың арасында тіпті 10-15 бес жылдан бері қозғалмай тұрғандары да бар. Ескі көліктердің көптігінен тұрақта орын қалмаған. Сондықтан әкімдік темір тұлпарларды сатылымға шығармақ. НҰРЛЫБЕК ҚУАНДЫҚОВ, айып тұрағының күзетшісі: – Стоянкада 341 машина тұр. Соның ішінде 2-3 он жылдан артық тұр. Солар болуы мүмкін. Аукцион арқылы сатылымға әуелі иесіз жоқ көліктер шығарылмақ. Қазір сондай үш жеңіл машина бар. Олардың бірі 1992 жылғы "Audi" маркалы көлік болса, қалған екеуі 28 жыл бұрын шығарылған "Volkswagen" машиналары. Бұл көліктер контрабандалық жолмен шекара асырмақ болғандардан тәркіленген. Содан бері иесі табылмай қысы-жазы ашық аспан астында қаңтарылып, әбден ескірген. ЖАНБОЛАТ БАТЫРБЕКОВ, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары: – Айыппұл тұрағындағы тек иесі жоқ көліктер сатылады. Әрбіріне 500 мың теңге бастапқы баға қойдық. Әрине, жағдайы жақсы деп айта алмаймыз. Бірақ қосалқы бөлшек ретінде де қолдануға болады. Әкімдіктегілер бұдан кейін тағы алты көліктің құжаттарын рәсімдеп, сатуға қоймақ. Осылайша ешкімге керексіз көліктерді сатып, бюджетке табыс түсірмек. Оның үстіне жүк тасымалдау ережелерін бұзған жүк көліктерін қоятын жер жоқ. Көлік бақылау инспекциясы мамандарының сөзінше, айып тұрақта орын болмағандықтан ауыр техниканы күндіз-түні өзіміз күзетуге мәжбүрміз дейді. РУСЛАН СЕЙТАЛИН, СҚО көлік бақылау инспекциясының басшысы: – Ұсталған машиналарды біздер көп жағдайда бақылап қадағалап қасында тұрамыз. Ол жұмысқа бізге кедергі туғызып отыр. Біздің басқа жұмысымыз бар. Жолдарды қадағалауымыз керек. Инспекция өкілдері енді полиция және экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, иесіз жатқан көліктерді анықтай бастаймыз дейді. Кейін олар да аукцион арқылы сатылымға шығарылмақ. Руслан Жасұланұлы, Азамат Елубаев Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #айыппұл_тұрағы #сатылым #көлік

Похожие видео

Показать еще