Билікпен келісімге келе алмадық | Біреудің қарызын төлетті | Үстімнен 8 қылмыстық іс қозғады | ГОК HD
Солтүстік Қазақстанның шенеуніктері мен құқық қорғау органдары мемлекетке табыс әкелетін Обухов тау-кен байыту комбинатын жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Осылай деген ірі кәсіпорынның басшылары мен жұмысшылары Президенттен көмек сұрады. Аталмыш кәсіпорын бүгінде титан-циркон кендерін байыту саласында әлем бойынша үздік үштікке кіреді. Бұл - жұмысшылар айына орта есеппен 450 000 теңге алатын кәсіпорын. Ал СҚО-да ауыл тұрғындарының жалақысы 42 000 теңгеден басталады. Кәсіпорын жұмысшыларына арнайы жәрдемақы қарастырылған. Тұңғышы дүниеге келсе, миллион теңге, екінші бала үшін – екі миллион теңге, үшінші бала үшін – үш миллион теңге жәрдемақы беріледі. Сонымен қатар еліміздің оңтүстік өңірлерінен СҚО-ға қоныс аударатын студенттерге білім гранттарын бөледі. Міне, бүгінде табысты кәсіпорын жабылу алдында тұр. "Тиолайн" кәсіпорнының директоры Виктор Долгалевтың айтуынша, салықты уақытында төлеп, ешкімнің қалтасына ақша қыстырмаймыз деген ұстанымдары кей шенеуніктерге жақпай қалған. Салдарынан кәсібі өрге дөңгелеген кәсіпорынды еш негізсіз тоқырауға ұшыратуға тырысып бағуда екенін айтып отыр.
Похожие видео
Показать еще