«Кімге беріппін мен?!». Полиция подполковнигі президенттен араша сұрайды HD
Елордалық полиция подполковнигі Мұрат Накешов Президенттен араша сұрайды. Айтуынша былтыр Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінде Полк командирінің орынбасары қызметін атқарып жүргенде "мемлекеттік бюджетті жымқырды" деген айып тағылған. Өзінің әріптесі "Жанармайдың ақшасын бас пайдасына жаратты" деп, үстінен шағым түсірген. Сегіз ай бойы үй қамақта отырып, кейіннен сотта ақталып шықса да подполковниктің үстінен қазір қалалық Прокуратура қайтадан аппеляциялық шағым түсірді. Полицей енді "алты жылға нақақтан нақақ қамалып кетуім мүмкін" деп, қорқып отыр. Ал, қалалық прокуратурадағылар әзірге Накешовты неліктен қайтадан сотқа бергенін түсіндірген жоқ. Мұрат Накешовты былтыр еңбек демалысында жүргенде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері "құжатқа қол қойып кетіңіз" деген желеумен, тергеуге алып кетіпті. Ол сол кезде ғана үстінен әріптесі "патрульдік көліктерге бөлінген бір миллион төрт жүз мың теңгені жымқырды" деп арызданғанын білген. Алайда, тергеушілер де, шағымданушы да сотта ешқандай қылмыстық факт дәлелдей алмады дейді. МҰРАТ НАКЕШОВ, Полиция подполковнигі: – Ее все довыды основывается на слухах, на сплетнях, ничем не потвержденные. Маған сұрағаны алты жыл. Осы іс бойынша жеті прокурор ауысты! Кімге беріппін мен? Соны дәлелдеуі керек қой олар! Неге олар біреудің сөзіне ілесіп іс қозғайды? Сол сұрақ! Подполковник Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Бас Прокурор мен Жоғарғы соттың төрағасына жүгініп жүріп, жазықсыз екенімді дәлелдеп шықтым дейді. Ал, оған қайтадан аппеляциялық шағым түсірген қалалық прокуратурадағылар әзірге ешқандай түсініктеме бермеді. Жыл сайын Мұрат Накешов секілді мыңдаған азамат Жоғарғы Сотқа әділдік іздеп келеді. Алайда, аппеляцияға берудің тәртібін көп азамат сақтамағандықтан барлық іс қайта қарала бермейді. Мысалы, жыл басынан бері азаматтық істерге қатысты 12 мың азаматтың 500-і ғана талапқа сай өтініш беріпті. ЕЛЕНА МАКСЮТА, ҚР Жоғарғы Сотының Судьясы: – Азаматтардың көбі бір өтініш хатта бірнеше істі көрсетеді. Бұл дұрыс емес. Мысалы, қылмыстық іске қатысты өтінішке азаматтық істі қосып жазбау керек. Яғни, бір өтініш хат нақты бір ғана іске қатысты болуы шарт. Бізге жұбайының атынан өтінішхат беретін ер азаматтар мен күйеуінің атынан өтініш беретін әйелдер де көп жүгінеді. Олардың да ісін қарай алмаймыз. Өйткені заң бойынша шағымданушы тек өзі немесе оның қорғаушысы ғана өтініш бере алады. Жоғарғы сот мемлекеттік баж төлемесеңіз де істі қармайды. Ондай жағдайда өтінішхатты талапқа сай қылып жазып, қайтадан жүгінуге болады. Ал, кәмелет жасқа толмаған үш баланың әкесі Мұрат Накешов расымен мемлекеттік бюджеттің қаржысын жымқырған ба, жоқ па оны сот анықтайтын болады. Айбар Төлжанұлы, Нұркен Тоқмурзин Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tik
Похожие видео
Показать еще