«Ұйқтап қалсаң құр қаласың». Түнде ғана берілетін ауыз суды қара халық қашанғы күтпек? HD
Шымкенттің аптап ыстығында халық ауыз суды алу үшін түнгі кезекшілікке көшкен. Ынтымақ елді мекенінің жұрты тек түннің бір ортасында, оның өзінде сағаттап қана берілетін тіршілік нәрін ұйықтамай күтіп отыратын халге жетіпті. Ал ұйықтап қалса, құр қалады. Әдемі Байсейітова күні бойы құбыр басына телмірумен жүреді. Су құятын ыдыстарын қаз-қатар тізіп қойғанымен кейде тіпті бір тамшы да су ақпайды дейді ол. Таңға жуық қана берілетін тіршілік көзін алып қалу үшін түн ұйқымызды төрт бөлеміз деп отыр. ӘДЕМІ БАЙСЕЙІТОВА, тұрғын: – Тамшы су ақпайды. Үш ай жаз сатып алып ішеміз. Я жуунуға, я кір жууға ештеңеге су жоқ. Ал звондасаң, газонға беріп жатырмын, трубаны ауыстырып жатырмын дейді. Трубаны 6 жыл болды көшіп келгеніме, 6 жылдан бері ауыстырып жатыр. Тіршілік көзінен тарыққан жұрт әзірге тек дүкеннен сатып ішеді. Қала берді су тасушыларға төлеп жүріп құйып алады. Осыдан 10 жыл бұрын жұрт қаржы жинап, шағын диаметрлі құбырмен су тартқан екен. Одан кейін қарашаның қарасы әлдеқайда көбейгенін айтады. ИМАМ СҰЛТАНБЕКОВ, тұрғын: – Трассаны ауыстырмай болмайды су. Ол давление деген далбаса. 65-ке қандай давление бер, 15 үй ашса, су жетпейді бәрібір. 65-тік шлангімен 3 үй ашса да бітті, су жоқ. Қазір 200-300 семья бар да. Жауапты басқарма өкілдері осы елді мекенде 600 үй ауыз судың азабын тартып жатқанын біледі екен. Биыл сол азаптан арылатын күн жақын деген олар, мұнда диаметрі 1000 мм-лік құбыр тартылатынын айтады. ДӘУРЕН БАЛҒАНОВ, Шымкент қаласы энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының бөлім басшысы: – Көмешбұлақтан 25 шақырым су құбырын тартып келе жатырмыз. Оны 3 мекеме алған. Сол 25 шақырымды осы жылдың қараша айында бітіруді жоспарлап жатырмыз. Егер осы құбырды бітіретін болсақ, солтүстік және солтүстік-батыс бөлігі қаланың ауыз сумен толық қамтамасыз етеміз. Осы айдың аяғына қарай, елді мекенде орамішілік құбырларды тарту жұмыстары басталып, оны тамызда аяқтау көзделуде дейді мамандар. Мақсат Жақсыбайұлы Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #су_тапшылығы #қуаңшылық #Ынтымақ