Арыстағы жойқын жарылыстан оқ тиіп жарақат алғандар, әлі күнге дейін жәрдемақы ала алмай жүр HD
Арыс қаласындағы жарылыстың жарасы әлі жазылған жоқ. Арыстағы жойқын жарылыс кезінде баспаналары мен дүние-мүліктері қираса да тиісті жәрдем алмадық деген 80 тұрғын сотқа талап- арыз берген. Олардың қатарында денесіне тікелей оқ дәрі тиіп, денсаулығына залал келген 6 адам бар. Бірі мүгедек, енді бірі жарымжан болдық деген азаматтар соттан өтемақы талап етіп отыр. Жан мен тәнге залал келді, жүйкеміз де жұқарды дейді шағым берушілер. Сондықтан сот моралдық және материалдық шығынды өндіруге тиіс деп есептейді. Сот ғимараты жанына жиналған дәл осы топ биылғы қаңтарда да бас көтерген. Онда шағым қабылданбай жатыр деп шуласқан еді. Енді әзер қабылданған арызымыз қаралмай отыр дейді олар. Талап берушілердің арасында денсаулығына залал келгендер де жүр. Мектепте ұстаздық ететін Шәрбан Қожықованың аяғына оқ дәрі тиген. Бірнеше ота жасатқан ана таяққа сүйеніп қана жүреді. ШӘРБАН ҚОЖЫҚОВА, Арыс қаласының тұрғыны: – Ауруханаға апарды. Сол жерде астында күйік бөлімінде бір ай жаттым. Сол жердің өзінде екі рет операция істеді. Ең соңында аяғыма операция істеді ғой. Бір аяғымнан бір аяғым кем болып қалды. Бұл кісіден өзге басынан жарақат алып, бір көзінен айырылған азамат та, аяғына бірнеше мәрте ота жасатқан басқа аналар да бар. Барлығы да денсаулығына қатысты өтемақы сұрап сотқа талап арыз түсірген. 80 адамның 50-ге жуығы баспанасына қатысты шағым берсе, 10нан астамы мүлікке залал келгенін айтқан. Алайда қараша халық бірде-бір арыз әлі қаралған жоқ деп ашынып отыр. МӘДИ ҚАЛХОДЖАЕВ, Арыс қаласының тұрғыны: – Біздің уәждерімізді тыңдамауға тырысып жатыр. Және біз дәлел болу үшін видеофиксация сұраймыз. Оған да жауап жоқ. Сот жүріп жатқанда не монитор істемейді. Сот алдына сотка қойып алады. Біз білмейміз, басқа тараптар сотқа қатысып отыр ма жоқ па. Талап қоюшылардың наразылығы үдеген соң ба, әйтеуір қорғаушысынан бастап жұрттың барлығын ішке кіргізіп, сот төрағасы өзі қабылдады. Тұрғындар бар талабын жайып салды. Біздер ұсынған дәлелдемелерді судья қабылдап алса, кеңседен құжат жоғалмаса, істі қарау кең бөлмеде өтсе, істі басқа судья қараса деген талап қойды. Ал төраға істің қаралу мерзімі бұзылған жоқ деді. САПАРХАН ОМАРОВ, Арыс аудандық сотының төрағасы: – Іс бойынша сараптамалар тағайындалған. Солар жүріп жатыр. Осыған байланысты іс тоқтамға алынған қазіргі таңда. Сондықтан процестік мерзімдері ол жерде бұзылмаған. Істі қараушы судьяны шеттетуге негіз жоқ деді. Шешім қабылдауда сот төрағасы дербес, тек заңға ғана бағынады. Сондықтан шешімді өзі шығарады. Ұйымдастыру барысындағы талап-тілектерді орындауға тырысамыз деді. Ал сот табалдырығын тоздырған халық Арыс қаласы әкіміне бейбіт шеру өткізу үшін жазбаша өтінім береміз деп тарқасты. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Арыс #жарылыс #жәрдемақы
Похожие видео
Показать еще