Таразда 5 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі HD
Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жалпы саны 450-ден астам отбасы жаңа баспанаға қол жеткізеді. Қазір пәтерлер 100 пайыз дайын. Тек иелерін күтуде. Мәселен,бүгінгі күнге дейін Атшабар шағын ауданынан үй алуға азаматтардан 100 өтініш келіп түскен. Мұндағы пәтерлердің бір шаршы метрі – 923 теңгеден. Бас-аяғы 210 пәтер бар. Ал «Бәйтерек» шағын ауданындағы бір шаршы метр 633 теңге тұрады. Осы жерге қоныстануға тараздықтар тарапынан ең көп өтініш түскен. Мұнда 200 пәтерлі екі үй бар. Жалпы бұл баспаналардың барлығы тұрғындарға мемлекет тарапынан ұзақ мерзімге жалға беріліп, кейіннен азаматтар оларды сатып алу құқығына ие болады. Қуаныш Шайымқұлов, қала әкімдігі ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі -«Бәйтерек» шағын ауданы қаланың сырт жағында жаңадан соғылып жатыр. Атшабар болса тура орталықта. Соған байланысты бағасы кішкене жоғарылау. Үйдің классына да байланысты. Қазіргі таңда жылуы, мұздай суы, жарығы беріліп тұр. Мемлекеттік комиссиядан өткеннен кейін толығымен қоныстандырамыз.
Похожие видео
Показать еще