Күнсулу Түрікпен - Арнау

18.08.2016
1. А.Н. Алматовқа Арнау Авторы: Айдос Рахметов 2. Бастау. Авторы А.Н. Алматов 3. Нақыл. Авторы: А.Н. Алматов Орындаған: ҚҰӨУ-нің магистранты, жырау Күнсұлу Түрікпенова "ҰЛЫ ДАЛА САЗЫ" атты А.Н. Алматовтың мерейтойлық концертінен үзінді. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақжар ауылында 1992 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. 11 жасынан бастап өнерге жақын болды. 2005 жылы VІІ облыстық «Бозторғай» балалар шығармашылығы фестивалінде І орынды иеленді. Осы жылы Қырғызстан қаласында өткен «Летняя школа традиционной музыки этники» атты Дүниежүзілік жыраулар форумында өнер көрсетсе, Астана қаласында өткен республикалық Дельфиилік ойындарының «Дәстүрлі ән салу» номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. 2006 жылы облыстық Ә.Егізбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Жауынгер жүрек» атты жыршылар конкурсының Бас жүлдегері. 2006 жылы өткен республикалық К.Рүстембековтің 60 жылдық мерейтойына арналған «Күміс көмей – Көшеней» атты жыршылар конкурсының арнайы жүлдегері. 2007 жылы Ақтөбе қаласында өткен Қобыланды батырды еске алу жылына ұйымдастырылған «Арқалы жырау жырласын!» атты республикалық конкурстың Жөкей Шаңғытбай атындағы арнайы жүлде иегері. Жыршының жыр қоржынында «Қобыланды батыр», «Көрұғлы», «Қыз Жібек», «Алпамыс батыр» халық жырларымен қатар «Шаһнаманың» «Зухраб батыр» бөлімі, А.Керейұлының «Өсиет» және Сыр сүлейлерінің жыр-дастандары, терме- толғаулары бар. 2014 жылы наурыз айында Түркияда өткен Түркі тілдес елдердің Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауға арналған өнер фестивалінде Сыр елі өнерін насихаттау мақсатында өнер көрсетіп, Түрксой халықаралық ұйымының арнайы дипломымен марапатталды.

Похожие видео

Показать еще