Тұрғындардың жеке шоттарынан ақша ұрлаған шетел азаматтары ұсталды HD

18.12.2015
Әзербайжан, Грузия және Молдовадан келген ұрылар арам ойларын жүзеге асыру үшін компьютерлік техника мен озық үлгідегі құралдарды пайдаланған. Қолдан жасалған несиелік карточкалардың көмегімен банкоматтардан қажетті соманы шешіп алып отырған. Күдіктілер кезекті қылмыс үстінде қолға түсті. Әзірге олардың қанша адамды сан соқтырып, қанша қаржыны қолды еткені белгісіз. «Тергеу барысында анықталады», – дейді полицейлер. Өз елдеріне қашып үлгермеген шетел азаматтары қазір Ақтаудағы уақытша қамау абақтысына жабылды. Ардақ Нәубет, облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің маманы -Қылмыскерлерден айғақты зат ретінде ноутбук, 150 мың теңге ақша және 37 дана жалған несиелік карточка тәркіленді. Қазіргі таңда осы атаулы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Похожие видео