Зейнетақы төлемдері қандай жағдайда жасалады? HD
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері әлеуметтік желілер арқылы таратылған жалған ақпараттарға сенбеуге шақырып отыр. Елімізде 1953-1966 жылдар аралығында туған ерлер мен 1957-1966 жылдар аралығында туған әйелдерге жеке Зейнетақы қорындағы жинақтары қайтарылады деген хабарлама еш негізсіз. Барлық мемлекеттік қызметкерлер бюджетке өзінің зейнетақы жинақтарының 50 пайызын қайтаруға міндетті деген ақпарат та шындықпен жанаспайды. Жұлдыз Демесінова, «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі -Бұл жалған. Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ешқандай төлемдер төленіп жатқан жоқ. Осы жастағы азаматтарға және де ешқандай Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қатысы жоқ ақпарат болып табылады. Сондықтан да біз халықты хабардар еткіміз келеді. Бұндай ақпарға сенудің қажеті жоқ.