«Сергек» қосылды! Алматыда жол жиегіне тоқтап, жолаушы отырғызатындар қатаң жазаланбақ HD
Сюжеттен байқағанымыздай таяқ тастам жерге қоғамдық көліктің қатынауы айтарлықтай қиындаған. Қала маңындағы елдімекендерде тұратын азаматтар үйлеріне таксимен баруға мәжбүр. Енді жолай көлік тоқтатуда қиындайтын түрі бар. Алматыдан шығар жолдағы көлік қозғалысын енді Сергек камералары бақылайды. Сергек арқылы полиция заңсыз жерде тоқтап, жолаушы алған көлік жүргізушілеріне айыппұл салады. Ал шалғай ауыл тұрғындары көлік тоқтамаса үйімізге қалай жетеміз деп, сарыуайымға салынып отыр. Толығырақ келесі бейнематериалда. АЗАМАТ ҚАБЕТОВ, тілші: – Мына 4 жолақты даңғарадай жолдың шетінде әдетте ығы-жығы халық. Көбі қала маңында тұратын ауыл тұрғындары. Олар үйлеріне жол-жөнекей өтетін көліктермен қатынайды. Алайда қозғалыс қызған шақта қаз-қатар көлік тоқтаса мұнда ұзын-сонар кептеліс пайда болады. Сондықтан жолаушылар мұнда ешкімге кедергі келтірмейтін арнайы аялдама белгілеп берсе дейді. Райымбек даңғылында енді жол жиегіне тоқтап, жолаушы отырғызып алғандар қатаң жазаланады. Қаншама адамның такси ұстамақ боп жолға шығып, жасанды кептеліс тудыруы жол қозғалысы қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді дейді тәртіп сақшылары. Айтуларынша, жағдай енді жіті бақыланады. ЖАСҰЛАН ЖАНИКЕЕВ, Алматы қаласы полиция басқармасының аға лейтенанты: – Бұл жолда автоэкипаж тұрып, тұрғындардың жол ортасына шықпауын қадағалайды. Оған қоса, көліктердің себепсіз, заңсыз тоқтауына жол бермейді. Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы дерегіне сүйенсек, қалыптасқан жағдайды дұрыстау мақсатында "Сергек" камераларын қолданылмақ. Камералардың көмегімен көлік қозғалысын бақылап отыру жүргізушілерді белгіленбеген жол бөлігінде тоқтамауын қадағалайды. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Такси #Алматы #Сергек