Вакцинадан соң бойы құрысып, талмасы ұстап қалған қыздың видеосы көпшіліктің қорқынышын тудырды HD
Қазір ел вакцинаға қатысты әрбір ақпаратқа елеңдеп қарайды. Спутник V вакцинасының екінші дозасын алғаннан кейін талмасы ұстады деп желіге жарияланған видео да көпшіліктің қорқынышын тудырған. Видеода науқастың құрбысы міне вакцина алғаннан кейін үшінші рет талып қалып жатыр деп шағым айтты. Бірақ, Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы науқастың талмасы нақты вакцинадан деп айта алмаймыз деп жауап берді. Видеода тынысы тарылып, тілі күрмеліп жатқан азаматтың бұған дейін өз емханама бір рет бардым деп әзер сөйлеп жатқанын көруге болады. Оны түсірген танысы да қазір Қалқамандағы ауруханада жатқандарын айтып, әлі дәрігерлер қарауға келмеді деп шағым айтты. Желіде лезде лап берген бұл жазба онсыз да вакцинаға күмәнмен қарап жүрген кей адамдардың қорқынышын одан сайын үдете түсті. Азамат Алматыдағы Перинатология орталығында бес айдан бері акушер болып жұмыс жасайтыны, және жұмыс беруші тарапынан вакцина салуға қысым жасалғандығы да жазылған. Алайда... ҚОНЫСБАЙ ИЛИЯСОВ, Мемлекеттік Перинатология Орталығының заңгері: – Перинталогия орталығы және балалар кардиохирургиясында менің уақытымда осы вакцинация басталғалы бері, біреуді заставлять етіп я болмасы біреуді мәжбүрлеуді мен бірінші рет көруім. Шағымданушы екпе салдырмас бұрын Алматыдағы №17 Қалалық емханасында өз еркімен анкета толтырды дейді емхана басшылығы. Бірақ емхана бізге ол анықтамасын көрсетпеді. ВИКТОР КИМ, №17 Қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары: – А есімді азаматша бізге өз еркімен келіп вакцина алған. Одан кейін отыз минут бойы дәрігердің бақылауында болды. Азаматша 29 сәуір күні Спутник V вакцинасының бірінші дозасын алды. Оған дейін толық тексерістен өткен. Ал, Алматы қаласы бойынша 69 адам вакцинадан соң ауруханаға жатқызылыпты. Алайда бұл жолғы акушердің талмасының себебін нақты вакцинадан деп ешкім кесіп айтпады. НАРИМАН ТАБЫНБАЕВ, Алматы қаласының бас дәрігері: – Талма симптомдары мен ісіну белгілер болғаны рас. Кейіннен Қалқамандағы ауруханада науқасқа көмек көрсетілді. Одан соң шағымданушы үйіне жіберілді. Аталмыш симптомдар нақты вакцинадан ба? жоқ па? Ол анықталады. Ал Денсаулық сақтау минстрі Алескей Цой егер бір адам дәл осы вакцинадан қаза тапса, және ол анықталса, халыққа екпе салуды тоқтатуды сұраймыз деді. Әзірге елімізде вакцинадан қайтыс болған адам жоқ. Ал, талмасы ұстаған қыздың ата-анасы қызымызды толық емдеп беруін талап етеміз деп отыр. Әлібек Шынтемір Думан Сүйлейменов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #вакцинадан_cоң #СпутникV #екпенің_кесірі #Қалқаман
Похожие видео
Показать еще