Көкпектіден кейін Қарағанды облысында тағы бір ауыл су астында қалды
Күні кеше ғана тасқын су шайған Көкпектіден кейін Қарағанды облысында тағы бір ауыл су астында қалды. Қарағайлы ауылында көпір жарылып, бірнеше тұрғын баспанасыз қалған. Халық шаңырақтарын аман алып қалмаған әкімшілікке ашулы. Бүгін «тұрғындарға қажетті көмек көрсетпеді» деген көпшілік өз наразылықтарын білдірді. Бұлбұл Арқалықтың жаңа үйге кіріп, қоныс тойын тойлағанына тура сегіз ай болған. Бірақ көпбалалы ананың қуынышын тосыннан келген су шайған. Төрт қабырғасы төрт жаққа жантайған үйдің ішіне кірудің өзі қауіпті дейді. Енді жергілікті әкімшіліктен күдерін үзген әйел далада қалудың аз-ақ алдында. «Көзімнің жасы таусылған. Адам жаны шығып тіршілік етуге сіздер де жүгіретін шығарсыздар. Екі-үш күн жыладым. Мынаны қараңыздаршы.» Көпшіліктің айтуынша, осыған ұқсас тасқын соңғы рет он үш жыл бұрын болыпты. Еріген қар суынан Қарағайлы өзені арнасынан тасып, талай үйлерді су басқан. Ал күндіз болған апаттың салдарынан Қарағайлы кентіндегі 112 үйдің елу сегізі су астына кеткен. Бар - жоғы алты жүз тұрғыны бар ауылдың бес жүзге тарта халқы қауіпсіз жерге орналастырылған. Ауыл әкімі бұл оқиғаны күннің күрт жылуымен байланыстырып отыр.Тіпті ауыл басшысы, апатты аңдып отырып, төтенше жағдайды тасадан тыс қалдырғанын мойындайды. ЕРҒАНАТ НҰРХАНОВ, Қарағайлы ауылының әкімі: Ауа райының тез еруінен су тасқыны болды. Біз барлығын андып отырдық. Бірақ аяқ астынан ауылымызға су кіріп кетті. Мейрамгүл Салқымбаева, тілші: «Жылдар бойы жергілікті тұрғындар маңдай терімен жинаған дүние-мүлкінен бір-ақ күнде айырылып отыр. Ауыл әкіміне наразылық танытқандар, атқамінерлер су тасқыны болатынын уақытылы айтса, мұндай шығынға тап болмас едік дейді. Ал ауыл әкімі болса, баспанасыз қалғандарды далада қалдырмаймыз деп отыр.» Ал қараша халық, су тасқыны кезінде билік өкілдері де, төтенше жағдай болған аумаққа жеткен құтқарушылар да қол ұшын созбады деп ашынады. Бала-шаға мен қара малдарды өз күштерімен құтқарған, айтуынша. Тіпті, ауыл тұрғындарды,апаттың боларын болжап болса да біліп отырған әкімді енді көріп отырғандарын айтады. ИБАГҮЛ ӘДІЛХАН, Қарағайлы ауылының тұрғыны: «Әкімді дегенді біз көрген жоқпыз. Мына адамдар орыстардың арасында қалай өмір сүріп жатыр деп бізді аралап көрген жоқ. Біз білмейміз.» «Ол мұзды атқанда біз мынандай болмас едік. Бәрін өз күшімізбен өз техникамызбен жасадық.» Менің оқып жатқан балаларым бар. Ауырып жатқан балам бар. Міне, сіздер кетіп, қаласыздар, тыңдамайсыздар адамдарды.» Осылайша, естер құлақтан қалған халық бар мұңын бізге шақты. Енді тек «Әкім болып, халқына жақын бола алмай жүрген ауыл басшысы, бұл жолы да өз уәдесінен таймаса екен»,- дейді олар.
Похожие видео
Показать еще