Кей сарапшылар сайлаудан кейін үлкен өзгеріс болатынына күмәнмен қарайды HD

10.01.2021
Сайлауден кейін елде сілкініс, экономикада серпіліс болмайды. Осылай деген кейбір сарапшылар, бұл доданың қорытындысы қандай болса да, қоғамға өзгеріс әкеле қоймайды деп отыр. Олар, Қазақстанның экономикасы біздегі сайлаудан кейін емес, АҚШ-тағы Президент инаугурациясынан кейін өзгеруі мүмкін екенін айтады. Мәжіліс депутаттығына үміткер бес партияның кандидаттары түгелдей сырттай оқуға түскен студенттер секілді дейді белгілі журналист Руслан Ербота. Іш пыстырарлық үгіт-насихат жұмыстары жалықтырып қана қоймай, "сауатсыз" жүргізілді дейді. РУСЛАН ЕРБОТА, Журналист: – Саяси партияның өкілдерімен сөйлесіп жатсаң бәрі айтады карантиннің кезі ғой, халықпен сөйлесе алмадық, үлкен залдарға шыға алмадық деп. Бірақ, дегенмен эфирге шыққаны бар, селфи сайлау өткізгені бар, әлеуметтік желіде жылтыңдап отырғандары бар. Бірақ, бұлар алдағы 5 жылда Қазақстан қоғамын әлеуметтік, саяси, мәдени жағынан қалай өзгертеміз, қандай платформа қабылдаймыз дегенге ешқайсысы аттап баспады. Ал тәуелсіз бақылаушылар саяси доданың әділетсіз өтіп жатқанын айтып, таңнан бері Орталық сайлау комиссиясына өтініш жазудан қолымыз босамай жатыр дейді. ТОҒЖАН ҚАЖАЛИЕВА, HAQ қозғалысының белсендісі: – Бірінішіден бұл сайлауды біз фейк сайлау дейміз. Өйткені, қатысатын партиялардың бағдарламалары да бірдей, «Нұр Отанның» әріптестері. Көптеген жерлерде сайлауға бақылаушыларды кіргізбей жатыр. Мысалы, Ақтөбеде, Шымкентте біздің бақылаушыларды кіргізбей бөгет жасап жатыр. Ал Алматыда Сұңқардан пцр тест нәтижесі бар 10 учаскеге бақылаушыларды кіргізбей қойды. "Қосылғыштардың орны ауысқанымен, қосынды өзгермейді" дегенге Меруерт Махмұтова да қосылады. Экономистің пікірінше, бес партияның қай-қайсысы да Қазақстанның экономикасын үдете дамытатын бағдарлама ұсынбаған. Ал биыл елдің әлеуметтік жағдайының құбылуына АҚШ-тың жаңа Президенті Джо Байденнің Ресейге салатын санкциясы әсер етеді деп болжайды. Ал бұдан көрші елмен экспорты импортынан 5 есе төмен Қазақстанның сауда айналымы оңбай ұтылатыны сөзсіз дейді. МЕРУЕРТ МАХМҰТОВА, Экономист: – Азаматтық индексті Қазақстанда өлшедік. Сонда азаматтардың 15 пайызы ғана партияларға сенім білдіреді. Өз басым бірде-бір партияға сенім білдірмеймін. Былайша айтқанда, сайлаудың біздің көңіл-күйімізге ешқандай қатысы жоқ. Мұнайдың бағасы, халықаралық санкциялар мен рубльге байланысты. Ұлттық банктің биылғы пессимистік болжамы бола қоймайды, яғни мұнай бағасы барреліне 50 доллардан аспаса да, 35-ке дейін түспейді деп топшылайды экономист. Әйгерім Ердәулет, Влад Шишко Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар

Похожие видео

Показать еще