Сарапшылар елімізде электр энергиясының тұтыну көлемі қарқынды өсіп келетінін жеткізді HD
Елімізде электр энергиясын тұтыну көлемі қарқынды өсіп келеді дейді отандық сарапшылар. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың сұранысы артты дегенді көрсетеді. Cарапшылар сәйкесінше өсуімен бірге отандық энергетиктер үшін жаңа сын-қатерлер туындайтынын да атап өтті. Өйткені қазіргі энергияны өндіретін орталықтарға қосымша күш ауадай қажет. Демек жаңа өндіріс нысандарын салуға мемлекет қолдау көрсетуі тиіс. Елімізде электр энергиясын тұтынушылар саны артқан сайын, экономикамыздың дамуына да едәуір әсер етеді дейді отандық сарапшылар. Бұл дегеніміз болжам бойынша алдағы жеті жылдың өзінде электр энергиясын тұтыну мөлшерінің 4% ға артып отыратынын көрсетеді. Сәйкесінше енді энергия өндіретін орталықтардың алдында үлкен сын тұр. ӘЛІШЕР ҚҰРБАНАЛИЕВ, Экономика ғылымдарының кандидаты, сарапшы: – Биылдан бастап ел аумағы бойынша электр жүйесінің операторы тұтыну көлемдерінің өсуін растайды. Сондай-ақ 2027 жылға дейін өсу 4% ды құрайды деп есептейді. Әрине, тұтыну көлемінің болжамды өсуі сөзсіз жақсы нәтиеже. Алайда, энергетикадағы осы өсуді қанағаттандыру үшін электр станцияларының өндірістік қуатының қоры, немесе резерві болғаны дұрыс. Қазіргі мемелекет тарапынан берілетін тұрақты инвестиция, өндіріс саласының негізі екі мәсеелсін ғана реттеп отыр. Оның бірі қазіргі жұмыс істеп тұрған энерго-орталықтарын жөндеу болса, екіншісі жаңалап қана отыру. Бірақ сарапшылар болжамындағы тұтыну көрсеткішінің өсімін қанағаттандыру үшін, жаңа энергия өндіретін нысандар салынуы тиіс екенін айтады экономистер. ӘЛІШЕР ҚҰРБАНАЛИЕВ, Экономика ғылымдарының кандидаты, сарапшы: – Бүгінде мемлекет бұл мәселені шешуге талпынып жатыр. Жоспар бойынша мониторнинг жұмыстарын жүргізіп, шығындар есебін жүргізуге кірісті. Себебі энегрия өндіретін орталықтар жасаған жұмысана қарай тұрақты табыс алып тұруы тиіс. Егер біз өз қажеттіліктеріміз үшін электр энергиясын тұрақты түрде алуды жалғастырғымыз келсе, өзгерістерге дайын болуымыз керек. Отандық энергетиктердің алдында тұрған тағы бір мақсат, электр тарифін тұрақты сақтай отырып дами түсу. Ал бұл тұста мемлекет тарапынан инвестиция тартылу аса маңызды. Әлібек Шынтемір, Думан Сүлейменов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар