200 адам Ауғанстаннан елге жеткізілді HD
Бүгін еліміздің Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанға қатысты Ақорданың ресми ұстанымын жеткізді. Ондағы тараптарды биліктің бейбіт транзитін қамтамасыз етуге шақырады. "Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің инклюзивті және өкілдік үкімет құру, ұлттық азшылықтар мен әйелдердің құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу, халықаралық құқықты сақтау туралы мәлімдемесін қолдаймыз", деп жазылған ведомство таратқан мәлімдемеде. Дегенмен кешелі бері 2 ұшақпен 200-ге жуық адам елге жеткізілген болатын. Олардың арасында Қазақстан азаматтары мен көршілес мемлекеттердің де өкілдері бар. Құтқару операциясы қалай өткенін тілшіміз Ұлан Тәліпбай айтсын. Все новости Первого канала "Евразия" теперь и в Telegram: https://t.me/eurasia1tvkz Подписывайтесь! Наш сайт - https://1tv.kz/ Vkontakte - https://vk.com/onetvkz Facebook - https://www.facebook.com/1tvkz/ Twitter - https://twitter.com/@1tvkz ok.ru – https://ok.ru/eurasia1tv Mail.ru – https://my.mail.ru/community/1tvkz/?ref= instagram - https://www.instagram.com/1tvkz/ Qoslike - https://www.youtube.com/c/qoslike