Ақтөбеде ақылы жолдарға наразылық білдіріп шыққан жүргізушілер алты сағатқа қамалып шықты HD

31.05.2021
Ақтөбеде жолдың ақылы болуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шыққан жүргізушілер алты сағатқа қамалып шықты. Олардың әрқайсысына «көліктердің жүруіне кедергі келтірді» деген айып тағылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал полицейлер тиеп әкеткен жүргізушілердің туыстары кеше түнімен қаладағы полиция бөлімшелерінің есігін қағып, жақындарын іздегендерін айтады. ҚАМАЛҒАН ЖҮРГІЗУШІЛЕР¤WA2 4012 «Қазақстандағы жолдардың ақылы болуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шыққан жүргізушілер Ақтөбеде де жиналды. Алайда мұнда шеру басқа қалалардағыдай ұзаққа созылмады. Полицейлер қала сыртына жүк көліктерімен келген жүргізушілердің шағымын тыңдамай, бірден машиналарына тиеп, бөлімшеге алып кетті. Алты сағат бойы қамауда болған жүргізушілер полицейлердің қорқытқанын айтады. МЕДЕТ ҚУАТОВ, жүргізуші: – Біздерді бес жарымда алып кетті. Бөлімшеден он бір жарымда шықтық. Айыппұлды салып берді. Әкімшілік құқық бұзушылық деп. Оған келіспесеңдер «басқа құқық қолданамыз. Клеткаға жабамыз» деп бізге давка жасады іштеріне апарып. «Енді жиналмаңдар» деді. Біз неге жиналмаймыз? Семьямызды асырап отырған нанымызды енді қалғаны олигархтарға төлейміз ба? И так налог төлеп отырмыз ғой. Сол жетпей ме? ҚАЙРАТ ҚУАТОВ, жүргізуші: – Арамызда бір провокатор ма бірдеңе болды. Вообще жолды жабамыз деген ойымызда болған жоқ. Танымаймыз да оны. Шофер да емес. Ойбай кетті, жолға шығыңдар, жабу керек деді. Соның артынан ере шықтық біз. Сосын полиция алып кетті. Полицейлер Самара - Шымкент тас жолына шыққан жүргізушілерді ұстап, әкімшілік жауапқа тартқандарын мойындап отыр. Сөздерінше жол бойында наразылық білдірген жүргізушілердің бірі көлігімен жолды жаппақ болып, ал қалған он адам ары бері жүгіріп, қозғалысқа кедергі жасаған. ЕРБОЛАТ САРҚҰЛОВ Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі: – Он бір адам полиция бөліміне жеткізілді. Оның біреуіне ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 614 бабымен бір хаттама толтырылды. Қалған он адамға 615 -баппен хаттама толтырылды. Және түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жүргізушілер жергілікті билік мәселені бір апта ішінде шешіп береміз деп уәде еткенін айтады. Егер айтқан уақытында берген уәделерін орындамайтын болса, Ақтөбе облысына қарасты қалааралық, тіпті халықаралық жолдарды тағы да жабамыз, райымыздан қайтпаймыз деп бекініп отыр. Жанар Қожанова, Жомарт Құдайбергенов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #наразылық #жүргізушілер #ҚазАвтоЖол #Ақтөбе

Похожие видео

Показать еще