Семей вокзалында шу шықты! Басшылықтың әрекетіне наразы 53 қызметкер жұмысқа шығудан бас тартты HD
Семейде вокзалының тексеру-қадағалау бөлімінің қызметкерлері жаңа басшыларының жұмыс істеу жүйесіне қарсылық білдіріп жатыр. Айтуларынша, күні кеше тендер ұтып алған компания өкілдері келе салып жалақыларын азайтып, әріптестерін қысқартуға жіберген. Ал орнына жолаушылардың жүгі тексерілетін құрылғыға арнайы білімі жоқ адамдарды отырғызған. Сондықтан, бүгін 53 қызметкер жұмысқа шығудан бас тартыпты. Семей вокзалының қызметкерлері тексеру-қадағалау бөлімінде куәлігі жоқ мамандар жұмыс істеп жатыр деп наразы. Айтуларынша, күзет компаниясы жолаушылардың жүгі тексерілетін құрылғыға арнайы білімі жоқ адамдарды отырғызған. Сондықтан, бүгін 53 қызметкер жұмысқа шығудан бас тартыпты. Оның үстіне тексеру-қадағалау бөлімінің қызметі жайлы бұрын-соңды естімеген серіктестік жалақымызды да азайтып жіберді дейді. ӘСЕМ НҮСІПОВА, вокзал қызметкері: – Бізді күзетшілікке дейін түсіріп жатыр. Жалақымызды түсіріп жатыр и ең бастысы адам санын қысқартып жатыр. Соған біз қарсымыз. БЕКЖАН ҚАРПЕЕВ, вокзал қызметкері: – Олар бізге өз талаптарын қойды. Біздің осы бес жыл бойы істеп келген өзіміздің жұмыс кестесі бойынша келісе алмаушылықтың кесірінен осындай 52 адам жұмыссыз қалып отырмыз. Наразылардың айтуынша, олар бұған дейін 1 тәулік жұмыс істеп, 3 тәулік демалып келген. Айлықтары 85 мың теңге көлемінде болыпты. Ал жаңа басшылары 1 күн істеп, 2 күн демаласыңдар деп талап қойған. Әрі 14 жұмысшы қысқартылады деп айтыпты. Себебі келісімшартқа сәйкес 50-55 жастан асқан азаматтарға жұмыс істеуге рұқсат жоқ дейді. ОЛЖАС ЖАҚАЕВ, "СОП "КҮЗЕТ" АҚ өкілі: – Келісімшарт бойынша бізде сағат бойынша часовой тариф. - Қаншадан? - Оны мен пока айта алмаймын. -Қалай сіз білмейміз. - Айтқан жоқ маған. Вокзал басшылығы да тендерді ұтқан компания бірқатар талапты орындамағанын мойындап отыр. ЕСЕН ҚАЖЫҒҰЛОВ, Семей қаласы вокзалының басшысы: – Талаптарына орай сертификаттары жоқ. Жаңағы дозиметрлары болу керек. Соның бәрін біз акт бойынша бұл кісілерге жібереміз. Ал наразы топ күзет компаниясы талаптарымызды орындаса жұмысқа шығуға дайынбыз дейді. Ол үшін жалақыларын кемінде 100 мың теңгеге көтеріп, жұмыс кестесін сол қалпында қалдыру керек екен. Ал серіктестік өкілдері бұл сұрақтарға тек басшыларымен кеңесіп барып, жауап беретінін жеткізді. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Семей #вокзал #наразылықтар