Қостанайдағы «Баян сұлу» кондитерлік фабрикасының өндіріс алаңы жаңа бір цехпен толықты HD

05.10.2016
Заманауи құрал-жабдықтармен жарақталған цех жылына 9 мың тонна түрлі тәттілер өндіреді. Жаңа технологиялық желінің іске қосылуымен экспорт көлемі де артпақ. Биылдың өзінде фабрика басшылығы кондитерлік өнімдердің шетелге сатылымын он пайызға дейін көбейтуді көздеп отыр. Жаңа бисквит цехында құрал-жабдықтарды құрастыру жұмыстары қазан айының аяғында толық іске қосылмақ. Қазір шетелдік мамандар қостанайлық кондитерлерге жаңа техниканы басқару жолдарын үйретуде. Тахсин Тюркан, инженер (Түркия) -Мына бір бөлігінде печеньеге қандай көлемде болса да, қою тосап, тәтті тоңба, бал, зефир қоса аламыз. Төмеңгі жағына да, жоғарғы бөлігіне де біркелкі жағылады. Айта кететін жайт, еш жерде адам қолы тағамға тигізілмейді. Жаңа цехтың ашылуы жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға септігін тигізеді. 45 адам жұмыспен қамтылды. Солардың бірі – Ләззат Шербаева. Ләззат Шербаева, кондитер -Мен осы зауытта екі айдан бері жұмыс істеп жатырмын. Маған жұмысым өте ұнайды. Жалақыны уақытында алып тұрамыз. Менен басқа осы жерден жұмыс тапқандар көп. Әлемдік нарықта бәсекелестікке төтеп беру үшін өндірісті заман талабына сай жаңартып отыру маңызды. Осы мақсатта тың жобаны іске асыруға «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат бағытында Қазақстанның Даму Банкі қаржылай қолдау көрсетті. Кәсіпорын басшысының айтуынша, алдағы уақытта экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік артады. Тимур Садықов, «Баян сұлу» АҚ басқарма төрағасы -Жылдан-жылға біздің экспорт көлемі өсіп жатыр. Былтырға қарасақ, 26 пайыз болды. Биылғы жоспар бойынша 32-33 пайызға өсеміз. Бұл деген экспортқа сату үшін біздің өнімнің сапасы өте жоғары болу керек. Енді көріп жатқандай, бұл желілер көбінесе Италиядан, Австриядан, Германиядан, енді сол желіден жоғары сапалы өнім шығаруға болады. Бүгінгі таңда «Баян сұлу» фабрикасының өндірістік қуаты жылына 66 мың тоннаға жуық. Тәттілердің 300-ден астам түрін шығарады. Авторлары: Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров

Похожие видео

Показать еще