Алматы жүргізушілері үшін қуанышты жаңалық! Қаладағы екі бірдей жолайрық қолданысқа берілді HD
Алматыда Тәуелсіздік күні қарсаңында Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жолайрық қолданысқа берілді. Тораптың ашылу салтанатына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев арнайы қатысып, оның сапасын тексерді. Сонымен қатар, Абай даңғылын Наурызбай ауданына дейін созу жұмыстары да аяқталып, қазір көліктер еш кедергісіз қатынап жатыр. Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жолайрықтың ашылғанына көлік тізгіншілері дән риза. 4 жылдан бері осы қиылыстағы кептелісте 1-1 жарым сағат тұратын едік деген олар, енді төрт жолақты жолмен жүретіндеріне қуанады. Жолайрықтың құрылысы 2017 жылдан бері жүргізілген еді. Жауаптылардың сөзінше, жұмыстың ұзаққа созылуына маңайдағы үйлерді сатып алу мен сүру себеп болыпты. Осы жылдың қазан айында соңғы нысан сүріліп, көпір құрылысы бірден аяқталған. ӨМІР СЕРІКБЕКҰЛЫ, Тілші: – Жаңадан ашылған жолайрықтың шапағатын әсіресе Айгерім және Шаңырақ ықшамауданының тұрғындары көрмек. Жауаптылардың сөзінше, бұл торап көлік ағынын айтарлықтай азайтады. Ернұр Абжахан, Алматы қаласы мобильділік басқармасы басшысының орынбасары: – Рысқұлов даңғылы бойынша 10 пайызға, Емцов көшесі бойынша 15 пайызға көліктік жүктемесі азаюы жоспарланған. Есептелген. Бұдан бөлек, мереке қарсаңында Абай даңғылының Наурызбай ауданының әкімшілігіне дейінгі бөлігі қолданысқа беріліп, көліктер еркін жүре бастады. 3 жарым шақырымды құрайтын жолдың бұл бөлігінде 6 жолақ қарастырылған. ЕРНҰР АБЖАХАН, Алматы қаласы мобильділік басқармасы басшысының орынбасары: – Момышұлы даңғылынан батысқа қарай қала шекарасына дейін бір учаскесін метро құрылысы Бауыржан Момышұлы станциясы аясында жасалынды. Айта кетейін, биыл ұзындығы 108 шақырым болатын 415 көшеге жаңа жол төселген. Сонымен қатар, 7 шақырым жаңа веложол салынды. Сөйтіп, көліктерге арналған жолақтың ұзындығы 80 шақырымға жетті. Өмір Серікбекұлы, Думан Сүлейменов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
Похожие видео
Показать еще