Алматыға Алтынкөлден жүк әкелген 100 жуық жүк көлік жүргізушілері он күн бойы далада қонып жатыр HD
Алматыға осыдан он күн бұрын Алтынкөлден жүк әкелген жүз шақты көлік жүргізушісі содан бері далада қонып жатқандарын айтады. Айтуларынша, "Кеден Транс Сервис" логистика компаниясы оларды қабылдамай отыр. Камазда күнелтіп, күйісіміз кетті деген жүргізушілер енді кімге жүгінерін білмей дал. Ол аздай жол бойында тізілген жүк көліктері сол маңға кедергі болғасын, полиция күнде айыппұл салады деп отыр. Тар көлікке қамалып, тұрмысының тамтығы қалмаған қарапайым жүргізушілер жол жиегінде жатқанымызға оныншы күнге жақындады деп отыр. Жүк тасып жанын бағып жүргендер, жолымызды күтіп үйде бала-шағамыз отыр дейді. Ал есігінен екі аттап кіргізбеген "Кеден ТрансСервистің" қақпасы Алматының ауа-райындай ашылмай тұр дейді жұмысшылар. АЙБЕК МЕЛІСҰЛЫ, Жүк көлік жүргізушісі: – Менің өзім очередьте міне тұрғаныма төрт күн болды. Қазір мен жиырма бесінші тұрмын. Жатқанымыз бар, күніне ішіп-жегеніміз бар, алатынымыз сол жиырма мың теңге. Біз деген жәй водитель. Жүргізушілер жүкті жібермес бұрын, неге Алтынкөлден, немесе осы "Кеден Транс Сервис" тасымалдау компаниясынан ескерту келмеді деп ашулы. Мұндайды алдын ала білсек келмес едік деп отыр. МҰХИТ ВАЙТОВ, Жүк көлік жүргізушісі: – Кранның асты бос емес, 45 тонна қоюға, басқа жерде орын бар бірақ ол жерде кран жоқ дейді. Соны түсінбей жатырмыз біз. Орын жоқ болғаннан соң Алтынкөлден де айтса, жіберме деп. Құжаттық келісім бойынша жалданған жүргізушілер, Алтынкөлден тапсырыс алып 45 тонналық контейнермен Алматыға жүк алып келген. Тиеген тауарды тиісті орынға тасмалдап болғасын, бос контейнерді осында әкеліп өткізулері керек болған. Өз кезегінде жауапты компания біз тек 2 мың орынға ғана контейнер қабылдай аламыз деп ақталды. Оның үстіне жүргізушілер келемін дегенше біз орын дайындап үлгермейміз дейді. НҰРЖАН ЖҰМАҒАЛИ, "Кеден ТрансСервис" компаниясының Жүк тасмалдау қызметі басшысының орынбасары: – Ол Алтынкөлден жүкпен келеді, груженный деп айтады. Груженный келіп СВХ-ға түсіреді. Түсірген соң бізге бос контейнерлермен келеді. Оларды біз ары қарай вагонға тиеп Қытайға қайтару керекпіз. Өкінішке орай қазір қабылдай алмаймыз, орын жоқ. ӘЛІБЕК ШЫНТЕМІР, Тілші: – Көлікте қонып қадірі қашқан жүргізушілер әлі қанша күн бойы даланы паналайтыны белгісіз. Себебі құжаттағы мекен жай иесі "Кеден Транс Сервис" компаниясы бүгін ертең орын босамайды деп отыр. Ал қарпайым жүргізушілер енді қайда барарын білмейді. Әлібек Шынтемір, Думан Сүлейменов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Алматы #жүргізушілер_наразылығы
Похожие видео
Показать еще